Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-ға дейін жетеді
Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде желдің жылдамдығы 20 м/с-ға дейін жетеді
Бүгін Қазақстанның көп бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болғандықтан, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, жел күшейеді. Тек оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, күндіз Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Жамбыл, Ақтөбе, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.
Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.