- Advertisement -

Назарбаев: Қазақстандықтарға «өз теңгелерін валютаға айырбастау» мүмкіндігі берілді

65

- Advertisement -

Қазақстан үкіметі тұрғындарға өз теңгелерін валютаға айырбастау» мүмкіндігін берді деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

nan

«Егер сіз өткізу уақыты дұрыс па, бұрыс па деп сұрасаңыз, біз барлығын ойластырдық, мен барлығын көрдім дегім келеді. Біз турасын айтқанда біздің салымшыларға өз теңгелерін валютаға айырбастау мүмкіндігін бердік», – дейді Назарбаев.

«Мүмкіндігі барлары Ресейден арзан тауарларды көптеп сатып алды. Бұл біздікілер үшін арзан болғанымен, біздің көліктер сатылмай қалды. Ал бұл зауыттарда жұмыс істейтіндер жалақысыз қалады. Қалтаңызда қаражат болмаса қайда барасыз? Тіпті арзанын да ала алмайсыз. Сол себепті бұл мәселе екіұшты болып отыр», – дейді президент.

«Бәсекеге қабілеттілікті қалпына келтірудің арқасында біз жұмыс орындарын сақтап қала аламыз. Қазірде бар жұмыскерлер отбасымен қосып санағанда 3,5 — 3,5 млн адам», – дейді басшы.

«Түсім көбірек болады деген үміттемін. Сіздер осы орайда жақсылап ойланыңыздар. Алдағы уақытта жағдай жақсарады деп күтеміз», – деп түйіндеді президент.

Бұған дейін Қазақстан 20 тамыздан бастап еркін теңге бағамына көшкені хабарланған болатын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support