Денсаулық

Облыс әкімі Қырғыз Республикасының 2 облысының губернаторларымен кездесті

Облыс әкімі Қырғыз Республикасының 2 облысының губернаторларымен кездесті

1440065922_2Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Қырғыз Республикасы Шу, Талас облыстарының губернаторларымен кездесті. Қос тараптың өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың талаптары, тауар айналымы, жүк тасымалы,  көші-қон мәселелерін талқылады. Сонымен қатар туристер мен кәсіпкерлерге өз тиімділігін көрсететін кедендік кедергінің жойылуына қатысты  шекарада орын алған өзгерістер де  назардан тыс қалған жоқ. Естеріңізге сала кетсек, үстіміздегі жылдың 12 тамызы күні Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одақтың бесінші  мүшесі ретінде қабылданып, қос мемлекеттің Президенттері сегіз бірдей кеден бекетін ресми түрде алып тастаған болатын. Қазір Одаққа мүше мемлекеттердің арасын тек шекарашылар ғана күзетуде. Айта кету керек, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекарасының негізгі бөлігі Жамбыл облысының аумағынан өтеді. Жалпы ұзындығы-716 шақырым. Екі ел арасындағы мемлекеттік, экономикалық және әлеуметтік қатынастар облыс аумағындағы 7 бақылап өткізу пункті арқылы атқарылады. Олар Қордай, Жамбыл, Меркі, Тұрар Рысқұлов аудандарында орналасқан. Сондай-ақ, 6 аудан-Жамбыл, Жуалы, Меркі, Т. Рысқұлов, Шу және Қордай шекаралас аумақтар болып саналады.