Денсаулық

Жамбылдық тауар өндірушілер Астана қаласында жәрмеңке өткізеді

Жамбылдық тауар өндірушілер Астана қаласында жәрмеңке өткізеді

1440051011_2Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай Жамбыл облысы әкімдігі мен ауыл шаруашылығы басқармасы және «Тараз» ӘКК» АҚ-ның ұйымдастыруымен 2015 жылғы  тамыз айының 22-сі мен қыркүйек айының 22-сі аралығында Астана қаласында апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда. Осы аптада Жамбыл облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне құны 24,5 млн. теңгені құрайтын 115 тонна ауыл шаруашылық тауарлары ұсынылады. Атап айтқанда, 10 тонна ет өнімдері (жылқы, қой), 2 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері (әр түрлі), 57 тоннадан астам көкөніс-бақша өнімдері (картоп, пияз, қияр, қызанақ, қарбыз, баклажан, т.с.с.) бар. Сонымен қатар, облыста өндірілетін басқа да ауыл шаруашылығы тауарлары жәрмеңкеге жеткізіледі (ара балы, қымыз, макарон өнімдері, өсімдік майы, т.б.). Жәрмеңеге тауар тиелген 6 рефрижератор автокөлігі және 30 сатушы азаматтар аттанады. Олар екі күн бойы Астана қаласының тұрғындарына өз тауарларын 15-20 пайыз төмен бағамен ұсынатын болады. Шығарып салу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары А.Нұралиев сөз алып, «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай ұйымдастырылып отырған жәрмеңке алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сәттілік тіледі.