Денсаулық

Мәсімов: Теңгенің долларға шаққандағы теңбе-тең бағамы 5-7 күн ішінде орнайды

Мәсімов: Теңгенің долларға шаққандағы теңбе-тең бағамы 5-7 күн ішінде орнайды

Теңгенің долларға шаққандағы теңбе-тең бағамы 5-7 күн ішінде орнайды, деп сенім артады премьер-министр Кәрім Мәсімов.

«Теңбе-тең бағам қалай болатынын күтейікші қане, тәжірибе бойынша бұл 5-7 күнді алады. Біз инфляциялық таргеттеуге көшіп отырған бірінші және соңғы ел емеспіз, сондықтан бұл 5-7 күнді алады», – деді Мәсімов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, 2015 жылы әлеуметтік емес шығындар бойынша бюджетті қысқарту болжанып отыр.

«Бағамға тәуелділіктен тыс, бюджеттік міндеттемелер әлі де көп жақсартуды керек етеді, себебі тауар айналымның азаюымен, бағаның төмендеуімен байланысты экспортқа бағдарланған бірқатар кәсіпорындар салықты аздау төлейді, сол себепті де бірқатар әлеуметтік емес шығындар бойынша бюджеттің біршама қысқаруы жорамалдануда және біз, бәлкім, бұны 2015 жылы жасайтын болармыз», – деді Мәсімов.

Сонымен қатар ол бағамдық саясат бюджеттік үдеріске көмектесетінін атап өтті.

«Бағамның қалай болатынына қарай, бағамдық саясат бюджеттік үдеріске көмектеседі, қосымша кірістер алынатын болады, және де осы қосалқы табыстар қайта бөлінгесін, мемлекет басшысына баяндайтын боламыз және ол ақырғы шешімді қабылдайды. Мұнда әр түрлі нұсқалар ықтимал», – деп атап өтті ол.