Денсаулық

Мәсімов: Қазақстан үшін бұдан да қиын кезең тууы мүмкін

Мәсімов: Қазақстан үшін бұдан да қиын кезең тууы мүмкін

pogudx1qea714qfefg.2ee4830bҚазақстан үшін бұдан да қиын кезең тууы мүмкін, сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурстар алынбайды.

“Ұлттық қорға қатысты айтар болсақ, бұдан да қиын кезең тууы мүмкін деп есептейміз, сондықтан Ұлттық қордан қосымша ресурстар алмаймыз. Ұлттық қор бізге әлі де керек болады”, — деді Мәсімов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

“Біз Ұлттық қордан бүгінгі таңда алынатын келісімдермен шектелеміз, бұл ағымдағы бюджет үшін 8 миллиард доллар көлеміндегі эквивалент, оған қоса “Нұрлы жол” бағдарламасы үшін 3 миллиард  доллар алынады. Бұл екі сома бұрын долларда келісілген және оларды қолданатын боламыз. Басқа қосымша қаражат алынбайды”, —деп атап өтті премьер.