- Advertisement -

Семейдің әкімі аялдамада автобусты бір сағат бойы күткен

65

- Advertisement -

pogudx3fhog2smahd.2e580640Қаладағы қоғамдық көлік жұмысын тексермек болған Семей әкімі Ермак Сәлімов аялдамада автобусты бір сағат бойы күткен.

Бұл туралы “ВКонтакте” желісінденгі  пайдаланушысына сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

«Бүгін түскі уақытта қала әкімі мәслихат хатшысымен бірге жолаушылар тасымалы кестесінің уақытылы болуын қадағалады. Белгілі болғандай, 45 нөмірлі бір маршруттың өзі ғана жолаушыларын бір сағат бойы күттірген. Мен де өзгелер секілді осы маршрутты күтіп тұрдым. Әйтеуір әкімдіктегілер бұл мәселені қолға алуға кіріскен көрінеді. Мәселе бағаны көтеруге келгенде бірден қарастырылады. Ал қызмет сапасы қаралуы керек кезде үнсіз қалады. Мен әкімге қызмет сапасына қатысты өз пікірімді айттым… Оның жұмыс стилі өзгелерден ерекше екен. Осылай бірден халық арасына бару керек», – деп жазды пайдаланушы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support