- Advertisement -

Ақтөбеде 85 жастағы кейуана келінінен қашып жүр

91

- Advertisement -

pogudxe3a14qsuptg.aceb156aРанайгүл Жардина есімді 85 жастағы кейуана Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында тұрады. Ол облыс орталығына келіп, келінінің үстінен шағым түсірді.

Ранайгүл Жардинаның екі баласы бар. Оның біреуі қаза тапқан. Қазір ол бақилық болған баласының отбасымен бірге тұрады. Бірақ кейуана үнемі «келінім қуып шықты» деп Ақтөбе қаласындағы полицияға шағымданады екен.

«Әжей алдымызға келгенде оның жағдайы қиын екенін білдік. Пойызбен келген бетте бөлімшеден көмек сұрады, біз тамақтандырып, шай бердік. Бұл оның бірінші рет шағымдануы емес. Үнемі «келінім қуып жіберді» деп келеді. Ақыл-есі дұрыс әженің арызын біз қабылдап, істі аудандық ішкі істер бөліміне тергеу жүргізуге жібердік», – дейді қалалық ІІБ «Елек» полиция бөлімінің кезекші көмекшісі Талант Исин.

Ал таңертең келіп, полиция бөлімінің ішінде қалғып кеткен қарт ана келінім күнде «үйімнен кет» деп айтатынын жеткізді.

«Қазір келінім 60 жаста. Ол да әже. Немере-шөберелерім бар. Мұндай күйге түсіп, қартайғанда көше қаңғып кеткеніме налимын. Үйге барсам тағы ескі әдеттеріне басып, маған кет деп айтады. Не істерімді білмеймін?», – дейді Ранайгүл Жардина.

Қарияның денесінде ұрып-соққан із жоқ. Құқық қорғаушылар осы іске қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

Ақтөбе облысында Ішкі істер департаменті «Зорлық – заңнан тыс», «Тұрмыстық зорлыққа жауаптысың» атты акция өткізіп тұрады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биыл отбасында зорлық көрген 2 мыңнан астам әйел полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support