Денсаулық

Қазақстанда доллар бағамы 255 теңгеге жетті

Қазақстанда доллар бағамы 255 теңгеге жетті

Қазақстанның ақша айырбастау нүктелеріндегі жағдай күрделеніп жатыр. РБК банкте ақша айырбас нүктесінде 1 доллар үшін 212 теңге сұралса, сатып алу құны 210 теңгеге жетті.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша Алматының барлық дерлік ақша айырбастау нүктелерінде долларды сатып алу құны ғана көрсетілген, долларды сату бағасы белгісіз.

Сәрсенбі күні, 19 тамызда, теңгенің долларға деген бағамы 188,38 теңгені құраса, сессия аяқталғанша 195 теңгеге жеткен.

Ал бейсенбіде қазақстандық валюта биржасында (KASE) таңертеңгі негізгі сауда сессиясында теңгенің орташа бағамы сәрсенбідегі 188,38 теңгеден 1 долларға 255,26 теңгеге дейін жетті.

курс

Казкоммерцбанк сайты осы таңда ашылмай тұр. NUR.KZ интернет-порталының оқырманы жіберген скриншотқа сүйенсек, банкте 1 доллар 257 теңгеге сатылып жатыр.

ккб

Ақсай қаласының тұрғындары ақша айырбастау пункттерінде доллардың 258 теңгеге сатылып жатқанын суретке түсірген деп жазады «Уральская неделя».

rehc

астана