- Advertisement -

Оралда болашақта ұшқышсыз ұшатын ұшақтар құрастырылады

112

- Advertisement -

Оралда болашақта ұшқышсыз ұшатын ұшақтар құрастырыладыОралда ұшқышсыз ұшатын аппараттардың таныстырылымы өтті. Көршілес Ресейдің Мәскеу облысы, Егорьевск қаласындағы «Қолданбалы электро-динамика ғылыми орталығында» құрастырылған бұл ұшу аппараттары көкте 10 – 12 сағат бойы емін-еркін қалықтап, фото және бейнетүсірілімдер жасай алады,-деп жазады khabar.kz.  
Бес шақырым биіктікке дейін самғап, сағатына 120 шақырым жылдамдықпен ұша алатын мұндай ұшақтарды түрлі мақсатта пайдалануға болады. Ол әсіресе қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы салалары мен өндіріске, мұнай-газ кеніштерін игеру ісіне де аса қажет. Бортында ұшу жағдайын бақылайтын есептегіші бар. Оған пульт арқылы жерден түрлі тапсырмалар беріліп отырады. Ал алыс қашықтыққа ұшқанда автоматты түрде басқару жүйесі іске қосылады.  Мамандардың пікірінше, осындай ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану экономикалық тұрғыдан да өте тиімді екен. Мәселен тікұшақпен бір сағат ұшу құны 1 млн теңге шамасында делік. Ал бұл құрылғы сол қаржыға күні бойы ұшып, өзіне берілген тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындап қайтады. Мұндай ұшу аппараттары болашақта Орал қаласында құрастырыла бастайды.  Ол үшін қазір Батыс Қазақстан облысындағы жергілікті кәсіпорындардың бірімен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оны құрастыруға қажетті материалдардың көбі өзімізде шығады. Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында корпусты композит өндіретін кәсіпорын да бар. Абай Рысқалиев, кәсіпорын директоры  -Қазақстанда оны жасауға келісетін болса, келетін болса, онда 50 пайыз және бағдарламалық қамтамасыз етуді қосқанда 70 пайыз қазақстандық үлес болады. Қалғанын енді микрочиптер мен платформаларды біз шет елден сатып аламыз. Мотор шетелден сатып алынады Америкадан, Германиядан. Бізде ондай моторлар жоқ. Болашақта басқа бір компаниялар жасап шығарса өте жақсы болар еді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support