- Advertisement -

Алматы ТМД елдері ішінде саяхатшылар үшін ең қымбат қалалардың бірі атанды

81

- Advertisement -

pogudx7ck8rt541s8.71dc280cАлматы мен Астана ресейлік туристер арасында ТМД елдері бойынша ең танымал қалалардың ондығына енді. Оңтүстік астана үздік үштікке кірсе, Астана 7-орынға тұрақтады.

Сонымен қатар Алматы ТМД бойынша ең қымбат қалалардың бірі атанды.

Аталмыш рейтингті ресейлік Oktogo туристік порталы ресейлік туристермен 2015 жылдың тамыз айында жалданған қонақ үй орындарының санына қарай шығарды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ресейлік саяхатшылар Алматыда орта есеппен бір тәулік ішінде 5 мың рубльге дейін шығын шығарады.

Ресейлік қонақ үшін ТМД елдеріндегі ең қымбат қала – Баку болмақ. Онда тәулігіне 6 мың рубльден астам қаражат кетеді. Ал ең қолжетімдісі – Бішкек. Ол жерде тәуліктік шығын 1200 рубльге барады.

Таяу шетелге саяхаттауда ең қымбат елдер қатарына Қазақстан мен Әзірбайжан жатқызылса, алыс шетелден қымбат ел деп Танзания (тәулігіне $250) мен Доминикан республикасы (тәулігіне $195) танылды.

Ең қолжетімді елдер  – Абхазия (тәулігіне 2,3 мың рубль) және Грузия (тәулігіне 2,5 мың рубль).

Таяу шетел қалаларында туристер орта есеппен 4 күн, ал шипажайларында 9 күн демалады.

Кететін шығын мөлшері туристік бағыттардың сұранысына айтарлықтай әсер етпеген. Мәселен қымбат деп танылған Алматы үшінші орында, ал Астана жетінші орында тұр.

Рейтингте көш бастаған қала – Минск. Ал көштің соңын Ташкент тұйықтайды. Тізімге Тбилиси, Киев, Ереван, Баку, Кишинев, Бішкек кірген.

Шалғай шетел ішінде ең сұранысқа ие бағыттар – Таиланд, Вьетнам және Куба.

Рейтинг туристердің онлайн билеттерді алдын ала сатып алу деректеріне сәйкес жасалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support