- Advertisement -

Марста пирамида табылды

117

- Advertisement -

Марс«Curiosity» аппараты ғалымдардың қызу талқы­сына ие болатын тағы бір жаңа суретті түсірді. «NASA» агенттігінің таяуда жариялаған суретінде Мысырдағы пирамидаға ұқсас бедер табылды.

«Exopolitics» сайтында ғалымдар Марстағы пирамиданың онда ежелде өркениеттің бар болғанын дәлелдейтінін алға тартып отыр.
«Марс» аппараты түсірген суретте көрініп тұрған пирамида авто­мобильдің көлеміндей ғана, алайда ғалымдардың пікірінше, ол ғалам­шардың топырағына көміліп қалған.
Айта кетейік, өткен жылы плазмалық бөлшектер физикасының профессоры, АҚШ ғалымы Джон Бранденбург «NASA» ғарыш агенттігінің «Марс Одиссей» аппараты түсірген суреттерді зерттей келе, Марста ежелде өркениет болған деген тұжырымға келген болатын. Ғалымның айтуынша, өркениетті жатғаламшарлықтар атом бомбасы арқылы жойып жіберген. Бранденбург сол кезде Марс бетінен екі бірдей жарылыс орнын тапқанын мәлімдеген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support