- Advertisement -

Білегінен құлақ өсіріп шыққан суретші

89

- Advertisement -

d35e484506487d9e0f25d708d4442a1fАвстралияның Перт қаласында Стеларк (Stelarc) деген лақап атпен танымал суретші тұрады. Білегіне есту органын өсірткізіп шығарған Стеларк енді оны ғаламторға жалғамақшы.
Австралиялық қарт денесіндегі осы бір үшінші құлақты одан әрі өсіріңкіреп, оған түйме пішінді микрофонды жалғайды. Сосын оны сымсыз Wi-Fi арқылы ғаламторға тәулік бойы қосып қояды. Суретші білектегі құлағы арқылы өзі естіген дыбыстың бірде-біреуін қалдырмастан, ғаламтор арқылы жер-жаһанға таратпақшы екен. Ал оның қай дыбысты нақты қай жерде жүріп естігені жайлы ақпаратты GPS-модульден танып білуге болады. Айта кету керек, осыған дейін адамның ойына кіріп шықпайтын әрекеттерге әуес бұл қарт өзінің бас сүйегіндегі құлақ етіне микрофонды кіріктіріп көрген еді. Бірақ ол кезде мұнысынан түк шықпай, кіріктірілген тұстағы еті бұзылып, микроб түскендіктен, тәжірибені тоқтатқан. Жалпы құлақты білегіне өсіріп шығару үшін Стеларк 20 жыл өмірін сарп еткен. Оның алғашқы 10 жылында суретші мұндай операцияны жасауға жүрексінбейтін дәрігерлер іздепті. Ақыры 2007 жылы оның сол қолына биополимерлі тірек кіріктірілді. Артынша оның айналасына тері өсіп, қан тамырлары пайда болыпты.Суретшінің айтуынша, болашақта адамдар өз денесіне бөгде заттарды кіріктіру арқылы да ғаламторға қосылатын болады, деп жазады lenta.ru.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support