- Advertisement -

Дерек пен дәйек

55

- Advertisement -

* Ағымдағы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша облыстың орташа көрсеткіші 78,6 баллды құрады. ҰБТ-ға қатысқан мектеп бітірушілердің 1066-ы 100-ден, 40-ы 120-дан жоғары баллға ие болды. Ал Тараз қаласындағы № 45-інші гимназияның бітірушісі, «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестаттың иегері Гүлнәз Ердосова ҰБТ барысында ең жоғарғы көрсеткіш – 125 баллды иеленді. Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі бойынша мектеп бітіруші түлектердің 27-сі «Үздік аттестатқа», 124-і «Алтын белгіге» қол жеткізді.
* Өткен оқу жылында облыс оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар жарысына қатысып, жүлделі 56 орынды иеленді. Жүлделердің 9-ы алтын, 22-сі күміс, 25-і қола медаль. Осы жүлделі орындардың 16-сы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының, 11-і облыстық «Дарын» мектеп-интернатының, 5-еуі Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мектеп-интернаттың, 14-і үш тілде оқытатын мектеп-интернаттың, 7-еуі Тараз қаласы мектептерінің, 3-еуі Меркі және Т. Рысқұлов ауданы мектептерінің дарынды оқушыларына тиесілі.
* Облыстың 38 оқушысы республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегер атанып, 7 алтын, 13 күміс, 18 қола медалді иеленді.  Ал республикалық ғылыми жарыста 24 оқушы жүлделі орындардан көрініп, 2 алтын, 9 күміс, 13 қола медалға қол жеткізді.
* Үстіміздегі жылдың шілде айында Дания мемлекетінің Орхус, Үндістанның Мумбай және Әзірбайжан республикасының астанасы Баку қаласында биология, физика және химия пәндерінен өткен Дүниежүзілік пән олимпиадаларында Қазақстан құрама командасы иеленген 7 медалдің 3-еуін Тараз қаласындағы дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының оқушылары жеңіп алды.
* Өткен оқу жылында республикалық «Үздік педагог» байқауында облыстың 4 педагогі, «Жылдың ең үздік психологы» байқауында 3 педагог, «VIII республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалінде 14 педагог, республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында 12 педагог жеңімпаз атанып,  облыстың білім саласы командалық есепте 1-інші орынды иеленді.
* Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің директоры Д. Мәселбеков Швейцарияның Женева қаласында өткен ХIV халықаралық конкурстың «Халықаралық жоғары және орта кәсіптік білім беруді дамытудағы жетістіктер» атты номинациясында сапа үшін еуропалық бас жүлдені жеңіп алып, «Золотая Сова»  — «Үздік білім мекемесі»  сыйлығын иемденді.
* Бүгінгі таңда, облыстағы 431 мектеп кең арналы интернет желісіне қосылған. Облыс бойынша 1 компьютерге – 11 оқушыдан, ал ауылдарда 1 компьютерге – 10 оқушыдан айналуда.
* Облыста білім беру қызметінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 73 мектеп пен 3 колледжде e-Iearninq злектрондық оқыту жүйесі енгізілген.
* Ағымдағы жылы облыс бойынша 24 білім нысанының құрылысын жүргізу үшін 7,4 миллиард теңге қаржы бөлініп игерілуде. Жаңа оқу жылында облыста 9 мектептің жаңа ғимараты оқушыларға есігін айқара ашады деп жоспарланған болса, солардың біреуі қазірдің өзінде пайдалануға беріліп қойды.  Қалғаны қыркүйек айына дейін іске қосылады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support