- Advertisement -

Жұдырықтары жойқын, жүйкелері темірдей

92

- Advertisement -

kickboxЖамбылдық кикбоксинг шеберлері Нұрділдә Ералиев пен Асхат Жантұрсынов Азия біріншілігінде топ жарды
Үндістанның Пуна шаһарында өткен кикбоксингтен Азия чемпионаты еліміз, оның ішінде Жамбыл өңірі үшін телегей табысқа толы болды. Құрлық біріншілігіне үлкен үміт арқалап аттанған жамбылдық кикбоксинг шеберлері қос салмақта қарсыластарына дес бермей, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Жұдырықтары жойқын, шеберліктері толысқан, жүйкелері темірдей төзімді біздің жігіттерге төрешіңіз де, басқаңыз да кедергі келтіре алған жоқ. 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрділдә Ералиев салған жерден қарсыластарының аптығын басып, дода қызған сайын өзінің мықтылығын дәлелдей түссе, 91 келі салмақ дәрежесіндегі оғланымыз Асхат Жантұрсынов та өзінің мықтылығын байқата білді.
Он сегіз мемлекеттің «сен тұр, мен атайын» деген үш жүз спортшысы бақ сынаған додада осылайша біздің өңірдің қос оғланы үміттің үдесінен шыға алды. Бұған дейін де айтулы аламандарда жұлдыздары жарқырап жанған Нұрділдә мен Асхаттың әлі талай асуды алатындықтарына сенім мол. Өйткені, олар жаттығу залында шүмектеп тер төгіп жүр.

Табиғат Абаилдаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support