- Advertisement -

Сыр өңірінің командасы сыр алдырған жоқ

108

- Advertisement -

«Тараз» футбол клубы Қызылордада «Қайсармен» ұпай бөлісті

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының шешуші кезеңі басталды. Екінші алтылықта қалып қойған «Тараз» футбол клубы үзілістен кейінгі алғашқы ойынын Қызылордада жергілікті «Қайсарға» қарсы өткізді.
Евгений Яровенконың шәкірттері сырт алаңдағы матчта қалайда жеңіске жетуге ұмтылғанымен, жергілікті ұжым жерлестеріміздің әр шабуылын орта жолдан қайтарып, жолын бөгеумен болды. Сыр өңірінің командасы ара-тұра қарымта шабуылдар ұйымдастырып, жамбылдық команданы кей сәттерде тығырыққа тіреді.
Гол соққаннан гөрі өз қақпаларына доп жіберіп алмауды көздеген қос команда қорғаушылары бұл күні керемет ойын үлгісін көрсете алды. Матчтың жиырма алтыншы минутында «Қайсар» командасының ойыншысы Кейлор мен «Тараз» сапындағы шабуылшы Азука алаңнан қуылды. Негізгі құрамдағы ойыншысынан айырылған жерлестеріміз кездесудің қалған бөлігінде әредік шабуылға иек артқанымен, мандытып ойын көрсете алмады. Іш пыстырарлық темпте өрбіген ойын аяқталғанша қос команданың саңлақтары да таблодағы көрсеткішке өзгерту енгізе алған жоқ. Осылайша, «Тараз» сыр елінен жалқы ұпай олжалап қайтты. Енді қалған кездесулерде жеңіс ауадай қажет.

Табиғат Абаилдаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support