- Advertisement -

Ұялы телефонның залалынан сақтайтын мектеп формалары сатылымға шықты

95

- Advertisement -

Өркениет дамып, озық технология өрбіген заман. Қазақстанда ұялы телефондардың залалынан, яғни электро-магниттік сәулеленуден сақтайтын мектеп формалары саудаға шығарылды. Баласының денсаулығын ойлаған ата-ана қазір оны сатып алып жатыр.

Экранда көріп тұрғандарыңыз жай қалта емес. Арнайы матадан тігілген қорғаныш. Міне, оқушылар ұялы телефондарын осында сақтауы қажет. Ендеше ерекше қалта қандай матадан тігілген, ол баланы сәуледен қалайша қорғайды? Білім күніне бірер күн қалғанда қарбалас әдетте. Ал мына дүкенде бірді-екілі адам ғана жүр. Себебі қазақстандықтар мұндағы костюмдердің сырын біле бермейді. Дамир Марсұлы Әмірханды жетектеп осында келді. Ойы – мектеп формасын сатып алу. Оның төс қалтасына ұялы телефоннан келетін залалдан қорғайтын мата қапсыра тігілген.

Дамир Марс, Астана қаласының тұрғыны — Балам бірінші классқа барады. Бірінші класс болса да телефон болуы керек жағдайда. Осы костюмдер телефонда зияндығын азайтады екен. Көрсетеді қағаздарын материалы тігілген, телефонның зиянын тек қана кішкене азайтады деп түсіндіріп жатыр. Иә, кішкентай ғана қалташаның ұялы телефоннан бөлінетін сәулеленуден қорғайтынын қалай дәлелдеуге болады? Әзірге бұл дүкен сатушыларының қолында тек ИСО 9001 сапа стандарты бойынша тәжірибелік сынақ қорытындысы ғана бар.

Дилярам Тұрсынова, дүкендер желісінің әкімгері — Біздің форманың ішкі қалтасына арнайы мата тігілген. Ол матаны Қазақстан Германиядан сатып алады. Құрамына мыс қосылған материал ұялы телефонның зиянынан сақтайды. Біздің сертификатта 90-95 пайыз залалын жояды делінген. Дамир Марс ол қалташаның телефоннан келетін залалды толық жоймайтынын айтады, дегенмен пайдасы бар. Немістермен бірлесе жұмыс жасаған қазақ тігіншілері биыл осындай 50 мың мектеп формасын шығарса, келер жылы 70 мыңға көбейтпек. «Себебі сұраныс та, тапсырыс та көп», – дейді.

Сәкен Тасмағамбетов, Астана қаласының тұрғыны — Басқа жерлерден гөрі арзанырақ. 15 мың теңге. Ал қалған жерлерде 25-30 мыңнан. Бір жақсы жері соткадан қорғайтын қалтасы бар. Өйткені мен өзім сотканы көп қолданам. Ересектер түгілі оқушылар, кіші сыныптатағылардың өзіне дейін қазір телефонын бір сәтке қолынан тастамайтыны мәлім. Қорғанышы бар қазақстандық тауардың құны 15 мың теңге. 9 сынып оқушысы Сәкен Тасмағамбетов өзіне шақ келе қойған костюмді бірден сатып алды. Ал 7 жасар кішкентай Әмірханның классикалық костюм шалбарды алғаш киюі. Келісті киіміне көзі тойып жымиып қояды. Енді ата-анасы телефон зияны тиеді деп алаңдамайды.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support