- Advertisement -

Атырауда жат діннің жетегіндегі ата-аналар балаларына екпе салдырудан бас тартуда

59

- Advertisement -

pogudx241r58a96d1.58bc7d55Атыраудың дәрігерлері дабыл қағып жатыр. Дабыл  қағатындайы бар. Өйткені, балаларға вакцина егуден бас тартып жатқан ата-аналардың саны  жылдан-жылға көбеюде.

Бір қызығы, мұны дәрігерлер халықтың екпенің сапасына күмәнмен қарайтындығымен байланыстырмайды. Бас тартып жатқандардың  барлығы жат ағымның жетегінде жүргендер дейді.

Екпеден бас тартып, балаларының болашағына немқұрайлы қарағандар қатары толастамай отыр деп дабыл қаққан мамандар бас қосу барысында жат ағамның жетегінде жүргендерді жүгендеу керек дейді.

“Жылдан жылға екпеден бас тарту жанұялар өсіп келе жатыр. Соның ішіндегі 80-90 пайызы мұсылмандық жолға түскен кісілер көбінесе”, – дейді  Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дина Камелова.

Былтырғы жылмен салыстырғанда екпеден бас тартқандар қатары биыл күрт өскен. Мәселен былтырғы жылдың есебі бойынша 143 ана екпеден бас тартса, биыл жыл басынан бері 245 адам балаларын ектірмеген.  Мамандардың мәліметі бойынша, екпеден бас тартып жататын ата-аналар әр түрлі діни ағымда жүргендер көрінеді.

“Көп жағдайларда олардың дәлелді себептері жоқ. Айтатын жауаптары бәрінде біреу. Біздерге алуға болмайды, рұқсат жоқ дейді. Бұл екпеден бас тартып жататын ата-аналар әр түрлі діни ұйымдағы ата-аналар”, – дейді  Атырау облыстық перзентхана бас дәрігерінің орынбасары Алмира Сабырғалиева.

“Өзімнің көзқарасым болғасын, өзім шешіп тұрмын. Ал басқаларының өздері біледі. Мен енді үзілді-кесілді аламын деп айта алмаймын. Балам өссін, нығайсын сосын қараймын жайлап”, – дейді Гүлжан есімді ана.

Ата-аналар балаларына уақытында екпе салдырмаса дертке шалдығулары мүмкін деген мамандар алаңдаулы.

Жат ағамның жетегінде жүргендер «баламызды ектірмейміз, егуге рұқсат етпейміз» дегеннен танбайтын көрінеді.

Алайда, бүгінгі күннің өзінде екпеден бас тартқандар саны 98 пайызға жетті дейді ақ халаттылар.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support