Үндістанда полиция парақордың ақшасын бір тәулік санаған
Үндістанда полиция парақордың ақшасын бір тәулік санаған
Үндістандық Батыс Бенгалия штатының полициясы пара алды деген күдік тудырған ұсақ шенеуніктің үйінде жасырынған ақшаны санау үшін бір тәулік уақытын кетірген.
NDTV телекомпаниясының ақпаратынша, Бэлли қаласындағы үйде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 200 миллион рупий (3 миллион доллардан астам) қолма-қол ақша тапты. Олардың барлығын санау үшін үш есептегіш машина тартылды. Осылайша үрдіске 24 сағат кетті. Сонымен қатар, құны 1,4 миллион рупий (шамамен 21 мың доллар) болатын асыл заттар табылды, деп хабарлады lenta.ru.
Активтер муниципалдық құрылымдарда жұмыс істеген инженердің кіші көмекшісі Пранабу Адхикариден (Pranab Adhikari) тәркіленді. Оның айлық жалақысы шамамен 45 мың рупий (691 доллар). Адхикари 25 жыл қатарынан құрылысқа рұқсат беру кезінде пара алды деген күдік бар.