- Advertisement -

Зарина Дияс WTA рейтингінде көтерілді

64

- Advertisement -

photo_19854Қазақстандық теннисші қыз Зарина Дияс WTA жаңартылған рейтингінде өз көрсеткішін жаңартты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Дияс 1385 ұпаймен 34 орыннан 33-ке көтерілді. Отандасымыз Юлия Путинцева да 78-ші орыннан 77-ге жоғарылады. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Ярослава Шведова екі сатыға жоғарылап, 106-шы орынға жайғасты.

Айта кетейік, WTA рейтингінде америкалық теннисші қыз Серена Уильямс (11821 ұпай) бұрынғыша көш бастап тұр. Екінші орында ресейлік Мария Шарапова (6036), үштікте Симона Халеп бар (5546).

ATP жаңартылған рейтингінде ұлыбританиялық Энди Маррей үшінші орыннан екіншіге көтерілді, ол швейцариялық Роджер Федерердің алдына шықты. Рейтингте сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр.
Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/tennis/zarina-diyas-WTA-reytingnde-koterld-264218/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support