Денсаулық

Ұстаздар әулеті облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз атанды

Ұстаздар әулеті облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз атанды

1439781989_2Жамбыл облысында екі ғасырдан астам уақыт ұстаздық еткен әулет тұрады. Қордай ауданы Қызылсай ауылындағы Молдажановтар отбасы биыл облыстық іріктеуде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпазы атанды,-деп жазады 24.kz Үрім-бұтағымен білім беру саласында еңбек ететін жанұяның өнегесі – бүгінде көпке үлгі. Арыстанбек Молдажанов 43 жыл бойы мектепте ұстаз болған. Еңбек жолында талай шәкірт тәрбиелеп, білім саласына өзіндік үлес қосқан. Қазір бейнетінің зейнетін көріп отыр. Оның еңбек жолын балалары мен немерелері жалғастыруда. Зейнеттегі ұстаз тәрбиені алдыңғы жолға қойып келеді. Арыстанбек Молдажанов, «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық жеңімпазы: - Мемлекеттің негізі – отбасы. Егер отбасы жақсы болып, тәртіпті, тәрбиелі болса, онда мемлекетіміз де жақсы әрі күшті болады. Өнегелі педагогтың әулетінде өзімен қосқанда 32 мұғалім бар. Жолдасы да 29 жыл мектепте химия пәнінен сабақ берген. Қазір зейнеткер. Бос уақытын немерелерімен бірге өткізеді. Жанына жиып кесте тоқып, құрақ құрауды үйретеді. Тұрсынкүл Молдажанова, Арыстанбек Молдажановтың жұбайы: - Тату-тәтті ұйыған отбасымыз. Ата-аналарымыз да ұстаз болған. Міне солардан алған үлгі-өнегемізді балаларымызға үйретіп жатырмыз. Үйретіп қана қоймай, іс-әрекетпен де үлгі болу – Арыстанбек ұстаздың басты ұстанымы. Ол ұстаздықтан бөлек ағаштан да түйін түйеді. Бесік, оқтау сияқты күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды өзі жасайды. «Бақытты болудың құпиясының бірі – еңбек», - дейді ардагер ұстаз. Арыстанбек Молдажанов,«Мерейлі отбасы» байқауының облыстық жеңімпазы: - Ең алдымен отбасыда тіл табыса білу керек. Екіншіден, көңіліңнен шыққан еңбекпен шұғылдану керек. Көңіліңдегідей жұмыс болса, қалағаныңдай жанұяң болса, бақыттың сыры осындай деп ойлаймын. Отбасы – өмір тұтқасы. Шаңырақтың береке мен жылулыққа толы болуы әр адамның өзіне байланысты. Мұны Молдажановтар әулеті жақсы түсінеді. Сондықтан білген-түйгенін кейінгі ұрпаққа үйретуден жалықан емес.