Жамбылдықтар спорт күнін атап өтті
Жамбылдық спорт мекемелерінің мамандары Спорт күнін спартакиадамен атап өтті. Шағын футбол мен үстел теннисінен өзара сайысқа түсуге Тараздағы 19 мекемеден бас-аяғы 300-ге жуық адам жиналды,-деп жазады 24.kz.
Жарыстың ашылу салтанатында өз жұмысында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген мамандар мен үздік спортшыларға сый-сыяпат көрсетілді. Бұл шара арқылы ұйымдастырушылар әріптестер арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген екен. Өңірде соңғы жылдары бұқаралық спортты дамытуға көңіл бөлініп келеді. Гамлет Қайнарбеков, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы: — Жамбыл облысында аудандарда спортты дамыту бағытында олардың инфрақұрылымдарын дамытуда соңғы 3 жылда 8 спорт кешені салынды. Алдағы уақытта жоспарлар бар. Сонымен қатар спорт алаңшалары осы жұмыстарды жалғастыратын болады.

Comments are closed.