Меркі ауданында 15 су бекеті қайта қалпына келтірілді
Меркі ауданында 15 су бекеті қайта қалпына келтірілді
Шаруашылыққа Майлыбай каналы арқылы Аспара өзенінен су алатын Меркі ауданында 15 су бекеті қайта қалпына келтіріліп, заманауи есептегіш құралдар орнатылды. Жобаны іске асырған - «Кока-Кола» компаниясы, Орталық Азияның аймақтық экология орталығы және БҰҰ Қазақстандағы даму бағдарламасы. Бұл ағын су көлемін нақты анықтап, ресурстарды тиімді басқаруға, судың күнделікті қайда және қанша кетіп жатқанын анықтауға мүмкіндік береді. Су бөлу мәселесінде көптеген қиындықтарға кезігетін меркілік шаруалар бұған ерекше қуанышты. Жоба авторы Виталий Шабловскийдің айтуынша, автоматты жүретін жұмыс арқасында құрылғылар су деңгейін өлшеп, шығынын есептейді, сақталған мәліметтер кеңсеге жөнелтіледі. Бұл Жамбыл облысында «Суды тиімді пайдалану жүйесін енгізу» жобасы сәтті іске асырылып жатқанының бір көрінісі. Алдағы уақытта осындай жүйені өзге аймақтарда пайдалану мәселесі қарастырылмақ.