Экономика

Бір күн ішінде Қазақ-Қырғыз шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті

Бір күн ішінде Қазақ-Қырғыз шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті

photo_164738Кедендік бақылау доғарылғаннан кейінгі  бір күн ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасын 190 жүк көлігі кесіп өтті. 

Сегіз өткізу бекеті арқылы 120 көлік Қазақстанға, ал 70 жүк көлігі Қырғызстанға өтті. Қырғызстан экономика министрлігі бұл көрсеткіш Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіргенге дейінгіден екі есе үлкен екендігін хабарлады.  Ведомстводағылардың мәліметінше, бекеттердегі бақылау қарапайым режімде жүріп жатыр. Тек кедендік бақылау ғана доғарылды. Коммерциялық тауарлары бар жүк көліктері мемлекеттік бақылаудан өткендігі туралы арнайы талон алуы керек. Тағам өнімдері бар көліктер фитосанитарлық және ветеринарлық бақылаудан өтеді. Шекараны кесіп өтетін адамдар ғана қалағандарынша жүк алып өте алады. Айдың соңына дейін барлық бекеттерде Қырғызстан экономика министрлігінің қызметкерлері жұмыс істейді.