- Advertisement -

Халық бірлігі – біртұтастықтың негізі

82

- Advertisement -

Мәңгілік Ел құндылықтары – азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, бірлік және толеранттылық пен патриотизм. Осы құндылықтарды көзіміздің қарашығындай сақтап, қорғай білгендігіміздің арқасында еліміз халықаралық аренада зор табыстарға қол жеткізді. Халық бірлігі – біртұтастықтың негізі. Тұрғындар Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының басты артықшылығы – біртектілік пен бірлікке басымдық берілуінде дейді.   

Меркі

Меркіліктер Мәңгілік Ел мұратына адалдық таныту – азаматтық борышымыз деп біледі. Т.Рысқұлов ауылдық округінде өткен аудандық этномәдени бірлестік жетекшілерінің кездесуінде Меркі жерін мекен еткен өзге ұлт өкілдері осылай десті.
Ұлт жоспарында көрсетілген Елбасының нақты тапсырмаларын талқылаған жиында қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Нұрлан Жарашуев, ұйғыр этномәдени бірлестігінің жетекшісі Арзыкүл Диярова және әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Гүлаға Жамал өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын жеткізді. Олар аталған бағдарламаның мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, экономикалық өсімді ынталандыруға даңғыл жол ашатынын тілге тиек етті.       «100 нақты қадамды жүзеге асырудың басты тетігі – ішкі ауызбіршілікте. Өйткені, бірлік – берекенің бастауы» дейді қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Нұрлан Жарашуев.
Кездесу барысында өзге де ауыл тұрғындары өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Т. Рысқұлов

Аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен Құлан ауылындағы «Сұлутөр» кинотеатрында «Жастарға бағдар берген жоба» атты жас көшбасшылардың кездесуі болып өтті.
Жиында Елбасы Жолдауын насихаттауға бағытталған ақпараттық — насихаттық топтың мүшелері, партия аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Бауыржан Тілеуғабылов, белсенді жас маман Мариям Нұрсұлтанова Ұлт жоспары өскелең ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты. Олар Президент тапсырмалары кідіріссіз жүзеге асуы үшін жастар татулықтың ұйытқысы болуы тиіс деп есептейді. Құлан жастары осы бір игі іске үлес қосуға дайын екендігін айтады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов жастар бастамасына қолдау білдірді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрдәулет Жамалбеков мемлекеттік бағдарламалар аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Жастар орталығының» маманы Марғұлан Мұсаханов, Ақбұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айнұр Бекнұрманова Елбасы ұсынған 15 қадамның мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталғанын сөз етті. Кездесуде ауыл жастарын толғандырар мәселелер талқыланып, айтулы мерекелерде өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысты ұсыныстар айтылды.

Жамбыл

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыс бойынша департаментінің Қаратау аймағы бойынша басқармасының кеңесшісі Қуаныш Қарашолақов аудандық пошта байланыс торабы және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиында Қуаныш Сембекұлы Елбасы айқындап берген 100 нақты қадамның елімізді жарқын болашаққа бастайтын бағыт-бағдар екеніне тоқталып, Ұлт жоспарында қоғамның барлық саласын одан әрі жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қамтылғанын түсіндіріп өтті.
Ұлт жоспарында сыбайлас жемқорлыққа пәрменді тосқауыл қоятын көптеген құқықтық шаралар айқындалғаны мәлім. Кеңесші осы қадамдарды жүзеге асыру арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болатынын сөз етті. Соңында жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, көкейде жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптар алды.

Сарысу

Сарысулық жастар Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын талқылау үшін бас қосты. Бұл жиынды өткізуге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен «Сарысу жастар» мекемесі ұйытқы болды.
Сарысу жастары «Мәңгілік Ел» идеясы – қазақстандықтарды жұмылдыра түсетін ұлттық идея екенін айтады. «Қазақстан халқы Тәуелсіздік жылдарында өркендеу, өсу – ынтымақ, бірлік, татулық деген құндылықтарға негізделгенін айқын түсінді. Сондықтан, Ұлт жоспарының төртінші бағыты біртектілік пен бірлікті нығайтуға бағытталғанын жұртшылық құптайды», – дейді партияның аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы М. Пірімбек.
Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ. Әбілов, «Сарысу жастары» мекемесінің директоры А. Сармолдаева Ұлт жоспарынан туындайтын міндеттерді талқыға салды.

Жуалы

Жуалылықтар Президенттің «100 нақты қадам» – 100 тапсырмасын қолдайтындықтарын көрсетіп, патриоттық акция өткізді. Оған аудандағы барлық мекеме қызметкерлері мен патриот жастар қатысты.
Патриоттық акцияны аудан әкімі аппаратының басшысы Қанат Аққоев сөз сөйлеп ашып, елдің әрбір елжанды азаматын Елбасы тапсырмаларын орындауға атсалысуға шақырды. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметова, ауданның Құрметті азаматы, «Ақментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аманжол қажы Дүрәліұлы, «Шешен» этно-мәдени орталығының жетекшісі, кәсіпкер Лечи Оздамиров, «Злиха» шаруа қожалығының жетекшісі, аудандық мәслихаттың депутаты Керімқұл Бегалиев, аудандық аурухана жанындағы профилактикалық бөлімінің меңгерушісі Жәнібек Мырзатаев Ұлт жоспарында айқындалған өз салаларына қатысты қадамдарды кеңірек түсіндірді. Осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы күтілетін нәтижелерді де сөз етті.

Сәулембай Әбсадықұлы,
Нұрболат Әлдибеков,
«Ақ жол».
Дүйсенбек Орманов,
Нұржан Манасұлы,
журналист.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support