Мысырда 76 адам аптап ыстықтан ажал құшты
Мысырда 76 адам аптап ыстықтан ажал құшты
Осы аптада Мысырда болған аптап ыстық салдарынан көз жұмған адамдардың саны 76-ға жетті, ондаған адам ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Би-би-си.
Қайтыс болғандардың көбі - егде жастағы адамдар, сонымен бірге қатты ыстық салдарынан түрмеде жазасын өтеушілер мен психиатриялық аурухана пациенттері арасында кісі өлімі тіркелді.
Тамыз - Мысырда ыстық айлардың бірі, алайда соңғы күндері ондағы ауа температурасы 47 градусқа дейін жоғарылады.