- Advertisement -

Қытай юаньді үшінші күн қатарынан девальвациялады

50

- Advertisement -

pogudx2vag0frt1mg.8333add6Қытай үшінші күн қатарынан ұлттық валютасы юаньді тағы девальвациялады.

Мұның алдында, 11 тамызда Қытай Ұлттық банкі юаньнің АҚШ долларға шаққандағы бағамын 1,9 пайызға, 12 тамызда 1,6 пайызға арзандатқан.

Бүгін юаньнің долларға шаққандағы бағамы бір пайызға құнсызданды.

Юань бағамының төмендеуі Қытайдан соң өзге де мемлекеттер ұлттық валюталарын девальвациялап, әлемдік “валюта соғысына” әкеп соқтыруы мүмкін деген алаңдаушылық тудырды.

Айырбас бағамының төмендеуі экспорттың артуына ықпал ететіндіктен юань девальвациясы Қытай экономикасының жай-күйіне қатысты алаңдаушылық туғызды.

Осы аптадағы Қытай Ұлттық банкінің юаньға қатысты шаралары әлемдік нарыққа теріс әсер етіп, Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка қор биржаларында шығынға ұшырата бастаған.

Бірақ бүгінгі девальвациядан соң Шанхай биржасының индексі 0,74 пайызға көтерілді. АҚШ қор нарығы бұған дейінгі юань девальвациясынан кейін көретін шығынның алдын ала алды

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support