- Advertisement -

Көркем есімді көріктілерім

117

- Advertisement -

kfi6aGwXves

Арайлап атар жаңа таңдарым,
Аяулыларым алақандағы.
Дүрбелең мынау дүние көште,
Аман болыңдар, балапандарым!

Құлпырған қырда қырмызыдайын,
Гүл кейіптеріңе кіл қызығайын.
Көлеңке тұсы көптеу өмірде,
Жарық болыңдар, жұлдызым, айым.

Сендер дегенде еріп жүрегім,
Қылықтарыңды көріп күлемін.
Көз тимесінші, сөз тимесінші,
Көркем есімді көріктілерім!

Өздеріңменен бағым мәуелі,
Сендермен өмір сондай әдемі.
Балдай ғып берген ботақандарды,
Жаратқан Алла қандай кең еді!

Таңдалып көне мұрағаттардан,
Жүрегімізге ұялап қалған.
Құран сөзінен қойылған есім.
Қорғап жүрсінші қиянаттардан.

Табылсын анаң қасыңнан дәйім,
Тасқа тимесін асыл маңдайың.
Аят-сүренің нұры түссінші,
Кәусарым – күнім, Ясинам – айым!

Зеберкүл Шардарбекова,
Қаратау орта мектебінің ұстазы.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support