- Advertisement -

Кем дегенде төрт қола жүлде қоржынымызда

75

- Advertisement -

енді аруларымыз Азия чемпионы атану үшін тер төгеді

IMG_59++50Бокстан Қытайда жалауы желбіреген қыздар арасындағы Азия біріншілігінде қазақтың күрзі жұдырықты арулары әзірге тамаша өнер көрсетіп жатыр. Құрлық біріншілігіне үлкен дайындықпен аттанған еліміздің бұрымды боксшыларының төртеуі кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп үлгерді.
69 келі салмақ дәрежесіндегі Гауһар Ермекбай, 75 келідегі Дариға Шәкімова, 81 келідегі Мөлдір Базарбаева, 81 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі Ләззат Күнгейбаева бастаған аруларымыз ширек финалдағы қарсыластарын оңай еңсеріп, жартылай финал жолдамасын қоржынға салды. Аты аталған төрт боксшымыз енді ақтық сынға шығуды көздейді. Қазірдің өзінде қола жүлдеге қол жеткізген ел мақтаныштары жартылай финалмен тоқтап қалмасы анық.
Қытай төрінде керілген шаршы рингтерде өнер көрсетіп жатқан қазақтың бұрымды боксшыларының барлығы да ел мерейін асыру жолында аянып жатқан жоқ. Сәтсіздікке ұшыраған аруларымыздың да рингте тамаша өнер үлгісін көрсеткенін айта кеткен ләзім болмақ.
Қазақстандық боксшы қыздардың қарсыластары да оңай шағыла салатын жаңғақ емес. Мәселен, 48 келі салмақ дәрежесіндегі Алина Тұрлыбаева, 57 келідегі Жанна Басқаева сынды мықтыларымыз Үндістаннан келген былғары қолғап шеберлеріне жол берсе, 51 келідегі Жайна Шекербекова мен 64 келі салмақтағы Мадина Нұршаева қытайлықтардың үкілеп қосқан үміттеріне есе жіберді. Өзге боксшыларымыз КХДР мен Таиландтан келген былғары қолғап шеберлерінің алдында дәрменсіздік танытты.
Жалпы алғанда ұлттық құраманың бапкерлері үкілеп үміт артқан қазақ арулары Қытай төрінде керілген шаршы рингтерде әзірге жақсы өнер көрсетіп келеді. Алтын жүлдені де иеленетініне сеніміміз кәміл. Тек Алла жар болсын дейміз!

Табиғат Абаилдаев,

«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support