- Advertisement -

Қытайда болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты және 300 адам жарақат алды

76

- Advertisement -

Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь болған жарылыстардан 7 адам қаза тапты және 300 адам жарақат алды, — деп хабарлайды BBC News.

Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс қауіпті жүктер сақталған қоймалардың аймағында болған.

Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады. Күшті жарылыс толқыны таяудағы ғимараттар мен көліктерді бүлдірді.

Адамдар абыр-сабырда көшеге жүгіріп шықты, кейбірі жер сілкінісі болған екен деп ойлады.

Қаладағы бірнеше көпқабатты үй токтан ажырап қалды.

Тяньцзинь Пекиннің оңтүстік шығысындағы ірі порт әрі өндіріс аймағы саналады. Қалада шамамен 15 миллион адам тұрады.


Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support