Денсаулық

Қазақстанның 4 аймағында заман талабына сай түзеу мекемелері бой көтермек

Қазақстанның 4 аймағында заман талабына сай түзеу мекемелері бой көтермек

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев осы күндері еліміздің 4 аймағында заманауи талапқа сай түзеу мекемелерін салу қолға алынып жатқандығын айтты деп хабарлайды .pogudx7917kqvm928.fc2bbb48

«Бүгінгі таңда Астана мен Қарағанды қаласында және Оңтүстік пен Солтүстік Қазақстан облыстарында заманауи талапқа сай төрт түзеу мекемесін салу жоспарланып отырғаны рас. Себебі, біздегі түзеу мекемелері мен коллонияларының салынуы мен іске қосылу мерзімі өткен ғасырдың еншісіне тиесілі екені белгілі. Сондықтан да бізге қазіргі таңда осы аталған өңірлерден тиісті мекемелер салу қажеттілігі туындауда. Сол мақсатпен жергілікті әкімдіктерге қажетті құжаттарды ұсындық. Олар арнайы жер де бөліп беріп отыр. Енді ол жерлерде халықаралық талаптарға сай түзеу мекемесін салдыру үшін инвесторлардың назарына ұсынылатын болады», — деді Жанат Қазбекұлы.

Төраға орынбасарының түсіндіруінше, жаңадан салынатын колониялардың бұрынғыдан айырмашылығы аз болмайтын көрінеді.

«Ең алдымен типтік тұрғыдағы жобасы да өзгереді. Яғни, қамау камераларының көлемі мен ол жердегі тұтқындар санының сәйкестенуі, арнайы дәретхана мен асхана, жуыну бөлмелерінің орналасуы бәрі-бәрі халықаралық талапқа сай болуы қатаң қадағаланады», — дейді ол.

Маманның сөзіне сенсек, бұл Қазақстандағы түзеу мекемелерінің ісін жүргізуге қатысты мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі үлгісіндегі алғаш рет қолға алынып жатқан жобалар екен.