Денсаулық

Қазақ-қырғыз шекарасында бақылаудың 14 түрі алынып тасталды

Қазақ-қырғыз шекарасында бақылаудың 14 түрі алынып тасталды

pogudx474t5ghco6j.9e6ab987Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіруінен кейін Қазақстанмен шекаралас аймақтарында 14 бақылау түрі алынып тасталды.

«Ақ-жол» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының ашылу рәсімі өтіп жатыр. Рәсімге екі елдің басшылары қатысуда.

«14 бақылау түрі алынып тасталды: фитосанитарлық, карантиндік, кедендік және тағы басқалары. Қалдырылғандары: радиациялық және шекаралық бақылау», — деп мәлімдеді Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметі баспасөз-хатшылығының басшысы Гүлмира Борубаева.

Енді шекараны кесіп өту кезінде жүктер радиацияға тексеріліп, есірткі, қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілердің бар-жоқтығы анықталып отырады.

Борумбаеваның айтуынша, жүктерімен шекараны кесіп өтетін кәсіпкерлер мемлекеттік бақылаудан өз еркімен өту туралы талондар толтыратын болады.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында барлығы 8 бақылау-өткізу пункттері жұмыс істейді.