Таяу күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді
Таяу күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді
Таяу күндері Қазақстанда ауа температурасы төмендейді. Суық атмосфералық ағын республиканың оңтүстігіне дейін жетеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
13-15 тамыз күндері циклон және онымен байланысты атмосфералық ағындар Қазақстан аумағы арқылы Алтайға өтеді. Бұл циклонмен бірге республиканың көптеген облыстарында жауын-шашын, найзағай, кей жерлерде бұршақ, күшті екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
Оңтүстік облыстар 13 тамызда, оңтүстік-шығыс облыстары 14-15 тамызда суық атмосфералық ағындардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда да өткінші жаңбырлар, найзағайлар, желдің күшеюі мен ауа температурасының төмендеуі күтілуде.