Денсаулық

Ақорда әлемдегі ең әдемі сарайлар рейтингінде Кремльден озып кетті

The final spritzer

Ақорда әлемдегі ең әдемі сарайлар рейтингінде Кремльден озып кетті

pogudx7rnmimfojkf.d0ef244fАғылшынның Theestle.Net порталы әлем елдері президенттерінің ең үздік 10 сарайын анықтады

Осы тізімде Қазақстан президентінің ресми резиденциясы Ақорда үшінші орын алған. Бұл туралы «Азия-Плюс» хабарлады деп жазады .

Әлем елдері президенттерінің  үздік ондығын АҚШ президентінің Вашингтондағы Ақ үйі бастады. Екінші орынға Тәжікстан президентінің Ұлт сарайы – Касри Миллат орналасты.

Сайттың  рейтингісі бойынша, үшінші орынды Қазақстан президентінің Астанадағы Ақордасы алса,төртінші позицияға Біріккен Араб Әмірлігінің байтағы – Әбу-Дәбидегі президент сарайы шыққан.Ақорда үш жыл көлемінде салынып, 2004 жылы ресми түрде ашылды. Есіл өзенінің сол жағалауында орналасқан сарайда Қазақстан президенті мен президент әкімшілігінің қызметкерлері жұмыс істейді. Бұл президенттің тұрғылықты мекені емес. Ғимарат көк және алтын түсті күмбезбен сәнделген. Ал мұнараның ұшар басына қыран құс бейнеленген”, – делінген ағылшын сайтында.

Бұдан әрі Түркменстан президентінің сарайы бесінші сатыға жайғасса, үздіктер алтылығын Мәскеудегі Кремль тиянақтайды.

.