Ресейде Қазақстаннан әкелінген азық-түлікті аяусыз таптап жатыр (фото)
Ресейде Қазақстаннан әкелінген азық-түлікті аяусыз таптап жатыр (фото)
Ресейлік шенеуніктер Қазақстаннан әкелінген азық-түлікті ысырап етіп, ауыр техникамен таптап тастады.
Түмен облысында Қазақстаннан әкелінген 13 тонна болгар бұрышы бульдозермен тапталды. Өйткені, біздің елімізден жеткізілген көкөністер санкцияға ұшыраған азық-түліктер қатарында екен. Смоленск қаласында да көкөністерді ауыр техникамен таптау жалғасуда.
Ысырап болып, техникамен тапталған жеміс-жидек пен көкөністер қатарында 750 келі қарбыз, 20 тонна бұрыш, алма және 70 тоннаға жуық томат пен шырындар бар.
Санкт-Петербургте де азық-түлікті аяусыз далаға төгіп жатыр. Импортталған азық-түлікті лақтырып, төгіп, ысырап ету Ресейдің барлық аймағында көрініс тапқан.
Халықтың тамақты ысырап етпеу турасындағы ашу-ызасына ресейлік шенеуніктер бас ауыртар емес.