- Advertisement -

Соңғы бір апта көлемінде Қызылжардан Омбыға ағылған отандастарымыздың қатары күрт көбейді.

80

- Advertisement -

pogudx43vbhfo8g1j.34846d61Еске салайық, Ресей рублінің құнсыздануынан пайда тапқысы келетін пысықайлардың әрекеті былтырғы жылдың соңында басталып, әлі күнде жалғасып келеді.

Сол тұста Ресейге аттанған тұрғындар киім-кешекпен шектелмей, көпшілігі тұрмыстық техника мен көлік сатып алған. Кейбірі тіпті баспаналы болып үлгерген еді.

Көрші елге сауда жасаушылардың сапарын ұйымдастырушы Сергей Абрамов, рубль бағасы тұрақталғасын, шекара асып тауар тасушылардың азайғанын, айтады.

Алайда, соңғы күндері Ресейге аттанғандардың қатары қайта көбейген. Соңғы үш күнде бос орын қалмағасын, Омбыға сапар аптасына екі рет ұйымдастырылатын болған.  Қызылжардағы валюта айырбастау орындарынан рубльді арзанға сатып алуға болады.

Қазір Ресей валютасының теңгеге шаққандағы бағамы 3,01 және 3,02 дейін төмендеген.

“Қазір кеденнен өту оңай, адамдар кезек күтіп ұзақ тұрмайды. Әзірге құрылыс материалдары мен тұрмыстық техникалар өтімді болып тұр. Сондай-ақ, тұрмыстық химияға да сұраныс жоғары”, – дейді  сауда сапарын ұйымдастырушы Сергей Абрамов.

“Ақша айырбастау бекеттерінде адам көп, кезек күтуге тура келеді. Кейде тіпті адамның көптігінен рубль жетпей қалатын жағдайлар да болады. Осындай жағдайды бастан бірнеше мәрте өткердім. Сосын ақшамды ауыстыру үшін қаланы шарлауға тура келді”, – дейді Петропавл қаласының тұрғыны Екатерина Белоусова.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support