- Advertisement -

ШҚО-да жүйке ауруына шалдыққан әйел екі баласын 4-ші қабаттан лақтырып жіберді

74

- Advertisement -

pogudx1g7017l55k5o.36c2af1bШҚО-да жүйке ауруына шалдыққан С. есімді азаматша өзінің екі баласын балконнан лақтырып жіберген. Абырой болғанда балалар аман қалған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігінің 1, 3, 14-тармақтарында көрсетілген қылмыстық заңмен  тыйым  салынған қоғамға қауіпті әрекетті жасағанына байланысты С.-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Жүйке ауруының елестеушілік және сандырақ түрлері асқынған күйінде болған С. ұйқыда жатқан балаларын оятып, оларды үйдің балконына апарған.

Сол жерде өзінің кішкентай қызын қолынан ұстап 4-қабатта орналасқан бөлмесінің балконынан жерге қарай лақтырып жіберген, осыдан соң С. 4 жасар ұлын да дәл осы тәсілмен лақтырып жіберген. Жеткіншектер дер кезінде көрсетілген білікті медициналық көмектің арқасында аман қалған.

Осыдан кейін әйел балалары қаза болды деген сенім үстінде өзі де балконнан жерге секірген, алайда алған жарақаттары өмірге қауіпсіз болғандықтан, тірі қалған.

Сот қаулысымен С. жалпы типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп медициналық шара қолдану тәртібінде жіберілетін болды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды ШҚО қылмыстық істер  жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support