- Advertisement -

Танымал заңгер депутаттарға 4,5 күндік жұмыс тәртібін енгізуді ұсынды

68

- Advertisement -

pogudxk8uso7rhnvo.b8359d60Танымал адвокат Жангелді Сүлейманов жұмыстан қысқартудың орнына 4,5 күндік жұмыс тәртібін енгізуді ұсынып отыр деп хабарлайды .

Яғни жұма күні жұмыс берушілер қол астындағыларды түстен кейін үйлеріне қайтарса, қызметкерлерінің еңбек тиімділігі артатын еді – дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Халықаралық еңбек ұйымы да 4 күндік жұмыс аптасына көшуді ұсынған болатын. Алайда бұл бастаманы тек екінші деңгейлі банктердің бірі ғана қолдап, іс жүзінде қолданып көрген еді.

Жуырда ғана Еуропа елдерін аралап келген танымал адвокат Жангелді Сүлейманов аптаның бесінші күні сағат бірге дейін ғана жұмыс істеуді ұсынып отыр.

Заңгердің айтуынша, бұл бастама адамдардың денсаулығына да, қоршаған ортаға да, жұмыс нәтижелігіне де жақсы әсерін тигізбек. Себебі толық тынығып, қуаттанған адам аз демалып, жүйкесі сыр бере бастаған адамға қарағанда компанияларға көбірек пайда әкеледі – дейді ол.

Мейірімдірек болады, көшеде көлігімен ешкімнің жолын кесіп, ұрыспайтын болады. Көршісімен кикілжің азаяды.

“Бұл өзгерістің пайдасы айқын болмақ. Тыныққан, көңілі тоқ қызметкердің ісі өнімді, жұмысы сапалы болады. Ол ісіне көбірек көңіл бөліп, артығырақ ойланатын болады. Мейірімдірек болады, көшеде көлігімен ешкімнің жолын кесіп, ұрыспайтын болады. Көршісімен кикілжің азаяды. Отбасындағы көңіл-күй, қарым-қатынас жақсарады. Себебі бұның барлығы өзара тығыз байланысты дүниелер”, – дейді заңгерЖангелді Сүлейменов.

Маманның айтуынша, бүгінгі күні орташа жалақы 100 мың теңге шамасында. Оны уақытқа бөліп қарастырсақ, 1 сағаттық жұмысымыз небәрі 3 доллар ғана бағаланады екен.

Ал бұл өзге елдермен салыстырғанда тым төмен, мысалы АҚШ тұрғындары 1 сағаттық жұмыстары үшін 8-10 доллар табатын көрінеді.

Қазақстан азаматтары аптасына 40 сағат жұмыс істесе, Нидерландықтар 30,5 сағат, Финляндия азаматтары 33 сағат, Франция тұрғындары 35 сағат, ал америкалықтар 34,5 сағат қызмет етеді екен.

Тізімде көрсетілген елдердің ішінде жұмысқа деген күш-қуатын өзгелерден артығырақ сарп ететіндер қытайлар мен жапондар. Алайда бұл елдер суицид көрсеткіштері бойынша алғашқы орындарда.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегінше әлемнің әрбір бесінші тұрғыны психикасының бұзылуынан зардап шегеді. Жан күйзелісі, әлденеге қайғыру, қамығу бұның барлығы дипрессия атты дерттің алғашқы нышандары.

Әлем қауымдастығын мазалап отырған бұл мәселе Қазақстанды да сырт айналып өткен жоқ. Мамандардың пікірінше, еліміздегі тұрғындардың 11 пайызы бүгінде дәл осы кеселге шалдыққан.

Дәл осындай келеңсіздіктерді болдырмау үшін, Жангелді Сүлейманов депутаттарға Еңбек кодексіне жұмыс аптасы 36 сағаттан аспауы тиіс деген өзгеріс енгізуді ұсынып отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support