Саясат

Елдік деген ұлы ұғым

Елдік деген ұлы ұғым

IMG_3518-Елдік деген ұлы ұғым. Оны жай сөзбен жеткізу қиын. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» идеясын ұсынуының астарында үлкен мән жатыр. Бұл идея қазақстандықтарды біріктіре түседі. Жастардың бойына отаншылдық рух береді. Президент ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары – Мәңгілік ел болуға бастайтын даңғыл жол. Себебі, онда ел экономикасына серпін беретін нақты қадамдар айқындалған. Ұлт жоспарындағы бес реформаны жүзеге асыруға байланысты ұсынылған 100 қадамның әрқайсысын – әлемде орын алған экономикалық дағдарыстар кезінде еліміздің стратегиялық іс-шаралар жоспары деуге толық негіз бар. Және елдігімізді бекемдей түсетін біртұтас ұлт қалыптастырудың жолдары көрсетілген. Жалпы, «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын тарихи маңызы зор құжат деуге болады. Себебі, Ұлт жоспарының өзегі саналатын, ел өміріне елеулі өзгеріс енгізетін бес институционалдық реформа «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде жарияланған еді. Бұл реформалар Қазақстан халқының келешекке деген сенімін нығайтып, таңдау жасауларына түрткі болды. Мен «Нұр Отан» партиясының ХVI съезіне делегат ретінде қатысып, сол бір тарихи сәтке куә болдым. Өз басым партияның съезін аса маңызды саяси оқиға деп есептеймін. Өйткені бұл жолғы съездің орны да, жөні де бөлек болды. Осы жиында ел ертеңі айқындалып, оның бағыт-бағдары белгіленді. Мемлекет басшысы осы тарихи жиында «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институттық реформаның»  мән-маңызын тарқатып айтып берді. Менің ойымша, Елбасы белгілеген осы бес институттық реформаның қай-қайсысы да маңызды. Ал реформаларды жүзеге асыру мақсатынан туындаған 100 нақты қадам – мемлекетімізді күшейтудің 100 нақты бағыты. Ұлт жоспарының 85-қадамында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу, 89-қадамында «Нұрлы Болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, мектептің білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу» міндеттері көрсетілген. Елбасы тапсырмаларының ерекшелігінің өзі осында. Мемлекет басшысы 85-қадамды жүзеге асыру үшін 89-қадамды міндетті түрде орындау керек. Себебі, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі жобасының қозғаушы күші – жастар. Ал жас ұрпаққа патриоттық рухты тәрбие арқылы сіңіру қажет. «Патриот болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұялату», – деп Мемлекет басшысы айтқандай, патриотизмге баулу жастарға үлкен өнеге, тәрбие береді деп ойлаймын. Жастардың санасына патриотизм – өзің, отбасың және біздің Отанымыз үшін ұлы жауапкершілігіміз деп ұғындыру керек. Соны саналарына мықтап ұялату қажет. Қазіргі қоғамда азаматтық сәйкестендіру процесі – бұл, ең алдымен, демократиялық құндылықтарды меңгеру, заңды сыйлау, ұлттық мәдениетке қосылу. Осындай процесс нәтижесінің идеалы саяси кері әсерінің тербелісіне ұшырамаған адам патриотизм мен азаматтық жауапкершіліктің ерекше рухы бар кемел азамат болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты өз еңбегінде атап айтқандай, егерде жастар гуманизмді, білімді, жауапкершілікті, әділдікті таңдап алса және өзімшіл болмаса, онда олармен бірге табыс та ілесіп жүреді. Қазақстанның жарқын болашағы – жастардың қолында! Сондықтан жастар тәрбиесіне қоғамның әрбір мүшесі немқұрайлы қарамауы тиіс. Мейлінше, жас ұрпаққа үлгі, өнеге болуға тырысу қажет. Әсіресе, мемлекеттік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер осыған ұмтылуы керек. Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы қоғамдық бірлестігі осы бір игі іске үлес қосуы үшін алдағы уақытта жастардың бойындағы патриоттық рухты жанитын шараларды өткізуді жоспарлауда. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына орай «Ата Заңым – Айбыным!» атты іс-шара өткізу көзделуде. Қазір «Жастар саясатының мәселелері» басқармасының қолдауымен облыс аумағындағы әскери бөлімдерде, жоғары оқу орындарында, мектептерде жастарға азаматтық патриотизм жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруда.

Дүкенбай Ермеков, Тараз қалалық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы.