- Advertisement -

Қуаныштарында шек жоқ

125

- Advertisement -

bb4dc7364a631441cc9d468ea2833e91Аудан  орталығына  Алматы  жақтан  кіре  берісте  бой  көтерген   бес  қабатты   тұрғын  үйдің  құрылысы  өткен  жылдың  сәуір  айында  басталған  болатын.  Бас  мердігер – тараздық  «Арқат» ЖШС  аудан  көлеміндегі ең  биік  ғимараттың құрылысын    бас-аяғы бір    жарым жылда  аяқтап,  тұрғындардың  игілігіне  ұсынды. Оны  мемлекеттік    комиссия  мамыр айының  соңында  қабылдап  алған. Одан  бері де  абаттандыру,  айналаны  көріктендіру  жұмыстары жүргізілді.  Тұрғын үйде бір  бөлмелі – 10,  екі  бөлмелі – 20  және  үш  бөлмелі   – 20 пәтер бар. Бір  бөлмелі  бір пәтердің  тұрғын  алаңы – 18,2 шаршы  метр, екі  бөлмелісі – 37,  үш  бөлмелісі – 57  шаршы  метрден. Ғимаратқа  су, газ  кіргізіліп, аулада  балалар алаңы,  сәкілер,  гүлзарлар  салынған. Іргедегі  жылыту  қазандығының  жұмысы  да  сынақтан  өткізілген.

– Бұл Елбасы саясатымен қолға алынған  «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасының жемісі. Соның арқасында бүгін елу  отбасы  пәтерлі  болып отыр. Ал пәтер бөлуде ең алдымен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен  мүгедектері,  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалғандар, әлеуметтік  мұқтаж  жандар  және  пәтер  кезегінде тұрған мерзіміне  қарай  бюджеттік сала  қызметкерлері  артықшылықтарға  ие  болуы  тиіс. Жалпы  тұрғын  алаңы 2071  шаршы  метр болатын  үй құрылысының  бастапқы келісім-шарт  құны  400  миллион  теңге  болған. Бөлінген қаржы жетпей жұмыс  орта  жолда тоқтайтын  болғандықтан жыл басында облыс  әкімінің  қолдауымен  облыстық  бюджеттен қосымша  77  миллион  теңге  бөлініп, құрылыс уақтылы аяқталып, бүгін қордайлықтар қоныс той тойлағалы отыр, – деді Бекболат  Серікбекұлы  өз  сөзінде.
Облыс  әкімінің бірінші орынбасары пәтер  кілтін  ең алдымен Ұлы Отан соғының ардагерлері Ефим Анищенко,  Қайын Керденов және Бейсен  Құсайыновқа тапсырды. Оларға үйдің бірінші  қабатынан бір бөлмелі пәтерлер берілді. Қуанышқа  кенелген майдангерлердің  атынан  сөз алған  Қайын  ақсақал  ардагерлерге көрсетілген қамқорлықтары үшін Президентке,  аудан, облыс  басшыларына  алғысын  білдірді.
Бұл күні  аудандық  аурухананың жансақтау  бөлімінің  медбикесі Назгүл  Әбжанова екі  бөлмелі пәтерге  ие  болды. Ол жеті  жылдай  ері,  екі  баласымен  пәтер  жалдап  тұрған  екен. Енді міне олардың  өз  баспанасы  бар. Сол сияқты  ұстаз  Шолпан  Қарабаева, ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған Татьяна Рыбалко, әлеуметтік көмекке  мұқтаж Ағаділ  Есенбеков және  басқа да тұрғындар пәтерлі  болды.  Дұрысы,  Қордайда  қоныс  тойлар көбейіп тұр.

Құрманбек  Әлімжан,
«Ақ жол».

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support