Денсаулық

Қарағанды тұрғынынан 100 келіден аса сынап табылды

Қарағанды тұрғынынан 100 келіден аса сынап табылды

photo_19694Қарағанды тұрғынынан 100 келіден аса сынап табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстың ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 тамызда облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде Қарағанды көшелерінің бірінен 47 жастағы ер адамды ұстады. Тексеру кезінде оның автомобилінен сынапқа ұқсас үш металл колба табылды. Оның салмағы - 117 келі.

Осы дерек бойынша сараптама тағайындалды, "Есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз айналымға түсіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.