Денсаулық

Жасанды кеспе кардиометаболистік синдромға шалдықтырады

Жасанды кеспе кардиометаболистік синдромға шалдықтырады

Статистика мәліметі бойынша сапасыз азық-түліктен жыл сайын әлемде 3 миллионға жуық адам уланып, көз жұмады екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары осы мәселеге алаңдаулы. Күнделікті тұтынатын тағамдардың тазалық талаптарының сақталмауынан миллиондаған адам түрлі инфекцияға шалдығып, мерт болатын көрінеді. Сондықтан күнделікті тұтынатын асты жіті тексеріп, пайдаланған абзал. Жуырда америкалық ғалымдар аптасына екі-үш реттен кеспеден жасалған, соның ішінде, жапондық кеспе сорпасы, рамэн сияқты тағам жеген адамдарда кардиометаболистік синдромына шалдығу қаупі жоғары екенін анықтады.