- Advertisement -

Аюдың орнына ағасын атып өлтірді

45

- Advertisement -

20150810161730Тайгада демалып жүрген жол полициясы қызметкері абайсыздан өзімен бірге аюдан қашқан ағасын өлтірді, деп хабарлады «Интерфакс» агенттігіне Ресей ІІМ-нің баспасөз орталығынан.

«Сенбі күні демалыста болған Владивостоктың ЖПҚ қызметкері ағасымен бірге Приморьенің Дальнегорский ауданындағы тайгаға барған. Адамшөпті отырғызумен айналысып жатқан кезде ағаш арасынан аю шыға келген», — деді баспасөз орталығының қызметкері.

Жыртқыштан қашқан көлік инспекторының қолында ағасының мылтығы болған. Сүрініп кеткен кезде мылтық атылып кетіп, бауырына тиген. Ағасы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Приморье полициясының баспасөз қызметі болған оқиғаға қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support