Халық банкі жалған статистикалық мәліметтерді бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

59

ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 29 шілдедегі қаулысы бойынша «Қазақстан халық банкі» АҚ Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 497-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының сайтынан.

 Бұл бап мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына жалған бастапқы статистикалық мәліметтерді ұсынғаны үшін ескерту ретінде әкімшілік жауапкершілікті қарастырып отыр.

16-ПБ үлгісіндегі «Қолма-қол шетелдік валютаның қозғалысы туралы» есебінде жалған ақпарат ұсынған. Атап айтқанда банк 210 (сомасы азайтылған) және 320 (сомасы көбейтілген) шифрлары бойынша жалған дерек берген, келтірілген шығын көлемі 229 980 мың рубльді құраған.

Comments are closed.