- Advertisement -

Қазақстанда үй бағасы арзандады

88

- Advertisement -

Қазақстанда үйдің бағасы түсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен шілде айында абаттандырылған тұрғын үйлердің бағасы 1,2 пайызға дейін төмендеді. Сәйкесінше, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,3 пайызға азайды, сонымен қатар, абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға алу төлемі 0,8 пайызға төмен болды.

«Шілдеде тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 15 401-ге тең болды және бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары. Жалпы 2015 жылғы қаңтар-шілде айларындағы тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,0 пайызға артық, яғни тұрғын үй сатып алу-сату нарығында жандану үдерісі байқалады», — делінген хабарламада.

Өткен айлардағы баспана сатылымы жағынан көш басында Алматы қаласы тұр, мұндағы тұрғын үйді сатып алу- сату мәмілелерінің саны — 2 001, одан кейінгі орында Қарағанды облысы — 1 667 және үшінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, мұндағы көрсеткіш — 1 411. Сондай-ақ, алғашқы бестікте Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысы бар — 1 383 және 1 277.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда бір бөлмелі пәтерлердің аяқасты арзандап кеткені хабарланған болатын. «Менің ойымша, алдағы 2-3 жылда жылжымайтын мүліктің құны тағы да түседі. Қазақстанда эконом кластағы баспаналарды салу қолға алынбай жатыр, көбіне халыққа арналған тұрғын үйлер салыну үстінде. Біздің экономикамызға әсер ететін бірнеше фактор бар — ол мұнайдың бағасының төмендеуі, бюджеттің азаюы, осыған сәйкес бюджеттің барлық бағытта жұмсалуы», — деді экономист Уәлихан Төлешев.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support