Әлеумет

«Оңтүстік халал тағамдары»

«Оңтүстік халал тағамдары»

 19-02-15-halal-1Облыста ағымдағы жылы тәулігіне 40 тонна ет өндіретін «Оңтүстік халал тағамдары» комбинаты ашылады.  Бектөбе ауылында орналасқан комбинат «халал» тағамдар стандартына сәйкес келетін ет өнімдерін шығармақ. Кәсіпорын  өз жұмысын бастаған кезде 153 адам жұмыспен қамтылады.  Комбинат құрылысына 2560 миллион теңге қаржы жоспарланған. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмысының 85-90 пайызы  аяқталды. Комбинаттың құрал-жабдықтары қыркүйек айында Қытай елінен әкелінбек. Кәсіпорында өнім шығару осы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған. Облыс әкімдігінің мәліметтері бойынша, жамбылдық шаруашылықтар жыл сайын орташа есеппен 100 мың тоннаға тарта ет өндіреді, өңірде ірі және ұсақ мал басы арта түсуде. Сондай-ақ, мал бордақылайтын алаңдар мен кешендер саны да өсіп келеді, бүгінде облыста 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде облыста асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны 13 есе артып, қазіргі таңда  олардың саны 100-ден асты. Облыстың ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасында 2020 жылға қарай өнеркәсіптік ет өндірісін 40 пайызға дейін арттырып, өнім шығару көлемін 82 мың тоннаға дейін өсіру көзделген.

Жамбыл ауданы.