Экономика

Бітік егін – береке

Бітік егін – береке

kukuruza_001

Аудандағы 49 шаруа қожалығы күннің  ыстықтығына қарамастан, орақ науқанын ұйымшылдықпен атқаруда. Солардың бірі – Түркістан ауылдық округіндегі Есенқұл Дүтбаев басқаратын «Мұрат» шаруа қожалығы. Үстіміздегі жылы шаруашы-лықта  күздік бидай – 170, арпа – 315, мақсары 810 гектар алқапқа егілді. Уақытты тиімді пайдаланудың, агротехникалық шараларды қатаң сақтаудың арқасында бұл шаруашылық дәнді дақылдар, оның ішінде бидайдың әр гектарынан 20 центнерден өнім алуда. – Аптап ыстыққа  қарамастан, орақ науқанын ойдағыдай өткізудеміз, – дейді шаруашылық басшысы Есенқұл Дүтбаев. Жер емген дихандар үшін ең ауқымдысы да, ең жауаптысы да егін орағы.   Бітік шыққан егінді жинап алуға бар күш жұмылдырылуда. Дихан қауымының алдындағы басты мақсат – маңдай термен өсірілген астықты ысырапсыз жинап алу. Шаруа қожалығында он жұмысшы күндіз-түні тыным көрмеуде. Шаруашылық жемшөптің берік қорын жасаған.  Биыл  262 гектар жоңышқадан 524 тонна, 200 гектар табиғи шөптен 200 тонна өнім алынды. Айта берсек, ауыз толтыра айтар  жетістіктері баршылық.

Камели СҮЛЕЙМЕНОВА, журналист. Сарысу ауданы.