«Болашақ» стипендиясының болашағы зор
«Болашақ» стипендиясының болашағы зор
Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. «Соңғы кезде осы бағдарлама бойынша 2016-2020 жылдарға дейінгі ұсыныс дайындалды. Ол ұсыныстар қазір «100 нақты қадам» Ұлт жоспарымен байланыстырылып жатыр. Сондықтан да Премьер-Министрдің қатысуымен Үкіметте де бірнеше рет қаралды. Енді Елбасыға басты ұсыныстарды енгізуіміз керек. Осы орайда бүгін бұл жөнінде тағы бір рет қарастырамыз», – деді Мемлекеттік хатшы. Отырыс барысында комиссия мүшелері «Болашақ» халықаралық стипендиясының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын мақұлдады. Даму жоспарында көзделген «Болашақ» стипендиясын дамытуға және жетілдіруге бағытталған бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жиында кезекті конкурстық іріктеудің үміткерлеріне стипендия тағайындау мәселелері, азаматтардың өтініштері қаралды.