Әлеумет

Атқарылған іс нәтижелі, алдағы міндет те ауқымды

Атқарылған іс нәтижелі, алдағы міндет те ауқымды

Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың  облыс мәслихаты депутаттары алдындағы есебіне 

                                                                   Т Е З И С Т Е Р

DSC_1198++                                                 Өнеркәсіп 2015 жылдың қаңтар-маусымында 127,4 миллиард теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 93,9 пайыз (ҚР – 100,6 пайыз). Бұл 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 24,0 пайызға (8,7 миллиард теңге), өңдеу өнеркәсібінде  9,4 пайызға (86,4 миллиард теңге) төмендеуімен байланысты. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда әктас және гипсті өндіру көлемдері 32,1 пайызға, түйіршектер, тас үгіндісі және ұнтағы 20,4 пайызға  (тапсырыстың төмендеуінен), шикі мұнай және табиғи газды шығару өндірісінің көлемі 11,0 пайызға (техникалық жұмыстар), металдар кені 53,1 пайызға  (тапсырыстың төмендеуіне байланысты) қысқарған. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 14,2 пайыз (31,7 миллиард теңге),  сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 3,0 пайыз (1,2 миллиард теңге) өсу қарқыны байқалады. Электр энергиясын өндіру көлемі 1,6 есеге өсіп, 1,6 миллиард кВт/сағ. құрады. Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда қалдықтарды жинау, өңдеу және жою көлемдері бойынша жұмыс, қызмет өндірісінің көлемі 1,4 есеге артып, 288,5 миллион теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінде сұраныстың азаюына, сондай-ақ тапсырыстың төмендеуіне, жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда тамақ өнімдерін өндіру – 10,6 пайызға, мұнай өнімдерін өндіру және химия өнеркәсібі  – 14,0 пайызға, жеңіл өнеркәсіп – 9,8 пайызға,  дайын металл бұйымдары 11,8 пайызға, машина жасау – 32,5 пайызға,  жиһаз жасау – 27,9 пайызға, қағаз  – 26,7 пайызға жетпейді. Сонымен бірге, сусындарды өндіру – 7,1 пайыз, металлургия өнеркәсібі – 1,3 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдары – 2,1 есеге, өзге металл емес минералдық өнімдер 8,3 пайызға артқан. Ет өндіру – 9,0 пайызға, сары май – 1,1 есеге, ірімшік және сүзбе – 3,5 есеге, ұн - 1,2 есеге, кондитерлік өнімдер – 1,2 есеге, ұн өнімдері – 1,5 есеге, трикотажды сырт киімдер – 5,1 есеге, МІҚ терісінен дайындалған былғары – 3,0 есеге, аяқ киім – 1,6 есеге, мұнай дистилляттары – 1,2 есеге, мотор отыны – 2,1 есеге, дизельдік отын – 2,3 есеге, кірпіш – 2,8 есеге, гипс – 1,2 есеге, бетоннан жасалған құрама құрылыс конструкциялары  1,4 есеге өскен. Сұраныстың, тапсырыстың төмендеуіне, жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырған шұжық өндіру – 4,6 пайызға, сүт өнімдері – 9,5 пайызға, қант шикізаты – 20,3 пайызға, төсек жаймалары – 27,9 пайызға, мазут – 53,3 пайызға, пластмассадан жасалған бұйымдар – 39,7 пайызға, цемент және бетоннан жасалған бұйымдар – 36,0 пайызға, металл конструкциялары – 10,3 пайызға жетпейді. 2015 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 36,5 миллиард теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, онда 778 жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде 1 жартыжылдықта жалпы сомасы 23,8 миллиард теңгені құрайтын 81 жұмыс орнын қамтитын 3 жоба іске қосылды («Burnoye Solar-1» ЖШС – Бурное алаңшасындағы КЭС құрылысы; «Полиэтилен - Агро» ЖШС – полиэтилен пленкаларын өндіру зауыты және жылыжай кешені; «Тараз-көлік жолы» ЖШС – құрылысқа арналған құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальттық бетон қоспасын өндіру зауыты).                                                                                     Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 42,3 миллиард теңгені құрады, нақты көлем индексі – 103,1 пайыз. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – шамамен 1,4 миллиард теңге (НКИ – 100,0%), мал шаруашылығы – 40,8 миллиард теңге (НКИ – 103,3%). Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2015 жылы 7,1 миллиард теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,8 миллиард теңге, облыстық бюджеттен – 5,3 миллиард теңге бөлініп, 1 шілдеге дейін республикалық бюджеттен 486,4 миллион теңге, облыстық бюджеттен 1,1 миллиард теңге игерілді. Егін шаруашылығында мал азығын дайындау және дәнді дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылдың 5 тамызындағы мәлімет бойынша 241,6 мың гектар дәнді дақылдардың 231,1 мың гектары немесе жинауға жататын алқаптың 95,6 пайызы жиналып алынды. Орташа түсім гектарына 15,9 центнерді құрады (2014 жыл – 8,4 центнер). Мал шаруашылығында 45,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді. 2014 жылдың қаңтар-маусымында бұл көрсеткіш – 103,0 пайызды құрап, 134,9 мың тонна сүт (101,6 пайыз), 51,5 миллион дана жұмыртқа (113,7%) өндірілді. МІҚ саны 2,7 пайызға өсіп, 351,1 мың басты құрады. Қой  саны- 2,5 пайызға (2696,1  мың бас), жылқы – 4,4 пайызға (114,3 мың бас),  түйе – 2,8 пайызға (6,2 мың бас). Шошқа саны 2,4 пайызға (36,5 мың бас) және құс – 11,6 пайызға азайған (1176,9 мың бас). «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының  шеңберінде 2015 жылы 5324 МІҚ басын сатып алу қарастырылған (5000 сиыр және 324 бұқа). «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалы  22 шаруа қожалыққа 389,8  миллион теңге несие беріп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 1919 ірі қара сатып алынды (1844 сиыр және 75 бұқа).     Шағын және орта кәсіпкерлік Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың 1 шілдесінде шағын және орта кәсіпкерлік саласында кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2014 жылдағы есепті кезеңмен салыстырғанда 15,6 пайызға төмендеп, 61718 бірлікті құрады. 2015 жылы «Бизнестің жол картасы  – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2,5 миллиард теңге бюджет қаражаты қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен  2,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен  245,5 миллион теңге бөлінген. 2015 жылдың 1 шілдесіне дейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың 700,5 миллион теңгесі, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының  65,8 миллион теңгесі игерілді. Бағдарлама қабылданғалы бері жалпы сомасы 49,2 миллиард теңгені құрайтын 439 жоба жүзеге асырылды. «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша 37,6 миллиард теңгенің 336 жобасы  мақұлданды, оның ішінде  2015 жылдың қаңтар-маусымында  3,1 миллиард теңгенің 44 жобасы іске асты. 336 жобаның 219 жобасы Тараз қаласында жүзеге асырылуда. «Банктер несиелері бойынша кепілдік беру» бағыты бойынша жалпы кепілдік сомасы 1,5 миллиард теңгені құрайтын 86 жоба мақұлданды, 2015 жылдың қаңтар-маусымында – 453,5 миллион теңгеге 19 жоба. «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша жалпы сомасы 8,2 миллиард теңгені құрайтын 60 жоба іске асырылды, 2015 жылдың қаңтар-маусымында жүзеге асқаны – сомасы 332,4 миллион теңгені құрайтын 13 жоба. 60  жобаның 7-еуі - Тараз қаласында, 10-ы – Байзақ, 11-і – Т.Рысқұлов, 7-еуі – Меркі, 6-ауы – Қордай, 1-еуі  – Сарысу ауданында, Шу ауданында  4-еуі іске қосылған, Талас және Мойынқұмда 2 жобадан, Жамбыл және Жуалы аудандарында 5 жобадан  жүзеге асырылған. «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша АҮК-мен 44,0 миллион теңгеге 15 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бағдарламаның 4-бағыты бойынша 4009 кәсіпкерге 12741 әртүрлі қызмет көрсетілді. Жалпы бағдарлама қабылданғалы бері (2010 жыл)  46 кәсіпкер «Шағын және орта бизнесті топ - менеджментке оқыту» жобасы бойынша оқытылды, «Іскерлік байланыс» бойынша бизнес-тренингтен 48 кәсіпкер өтті,  «Бизнес-насихат» жобасы бойынша бизнесті жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген 4 мыңнан астам кәсіпкерлер экспресс курсқа тартылды. Сыртқы сауда айналымы 2015 жылдың қаңтар-мамырында 173,1 миллион АҚШ долларын немесе 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырған  91,6 пайызды құрады, оның ішінде экспорт тауарлары – 72,5 миллион АҚШ доллары (160,8 пайыз), импорт – 100,6 миллион АҚШ доллары (69,9 пайыз). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты. Экспорт құрылымында түйінді пияз 26,3 есеге (2,1 млн. АҚШ доллары), табиғи барий сульфаты – 1,4 есеге (14,3 млн. АҚШ доллары) өскен. Импорт құрылымында көкөніс жеткізу 67,4 пайызға (5,7 миллион АҚШ доллары), сүт және сүт өнімдері – 10,5 пайызға (3,4 млн. АҚШ доллары), құрылыс материалдары – 6,7 пайызға, пластмассадан жасалған бұйымдар – 30 пайызға (1,4 млн. АҚШ доллары) төмендеген.  Амоний нитратын жеткізу 35 есеге (0,7 миллион АҚШ доллары) өскен. 2015 жылдың қаңтар-сәуірінде облыстың ЕАЭО елдерімен өзара сауда жасау көрсеткіші  2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  1,5 есеге артып, 35,9 миллион АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 2,4 есеге (10,6 млн. АҚШ доллары), импорт – 1,3 есеге (25,2 миллион АҚШ доллары) өскен. 2015 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымының көлемі 79,9 миллиард теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға өсті. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 83,5 миллиард теңге сомасында қалыптасып, 11,3 пайызға төмендеді. Есепті кезеңде базарларда жеке кәсіпкерлердің сауда көлемі 1,2 пайызға өскен. 2015 жылдың 1 шілдесіне бөлшек және көтерме саудасында сауда кәсіпорындары бойынша тауарлар қоры  14,6 миллиард теңгені құрады. Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлары (58,7 пайыз) басым.     Көлік 2015 жылдың қаңтар-маусымында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,6 пайызға өсіп, 39,4 миллион тоннаны құрады, жолаушылар тасымалдау 3,1 пайызға өсті (438,2 миллион адам). Жүк айналымы көліктің барлық түрлерімен 1272,9 миллион т.шқ. құрап, 5,1 пайызға өсті, жолаушылар айналымы – 3215,6 миллион ж. шқ. (5,9 пайыз).     Жолдар Облыста автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5261,71 шақырым оның ішінде, республикалық мәндегісі – 1056 шақырым, облыстық – 2240,76 шақырым, аудандық – 1964,95 шақырым. 2015 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орта жөндеуге, күтіп ұстауға 7,0 миллиард теңге қарастырылған. 2015 жылдың 1 шілдесіне 3,2 миллиард теңгесі игерілді. 2015 жылдың қаңтар-маусымында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 90,5  миллиард теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,2 пайызға артты. Өсім Қытайға транзитті магистралды газ құбыры құрылысына инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді. Бюджеттік инвестициялар салымдарының көлемі 16,3 миллиард теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 55,8 пайызды құрады. Бюджеттік инвестициялар салымдарының жалпы инвестиция көлеміндегі үлесі 18,0 пайыз. Өзіндік қаражаттар көлемі 35,5 миллиард теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-маусым деңгейінен 32,7 пайызға жоғарылаған, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 39,2 пайыз. Банктерден несиелер және басқа да қарызға алынған қаражаттар жалпы инвестициялар  көлемінде  42,8 пайыз немесе 38,8 миллиард теңгені құрайды. 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 41,5 миллиард теңгені немесе 2014 жылдың қаңтар-маусым деңгейіне 105,9 пайызды құрады. Өсім магистралды газ құбыры және «ХимПаркТараз» АЭА нысандары құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінің ұлғаюына байланысты. Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 118,5 мың шаршы метрді құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға артты. Оның ішінде 107,5  мың шаршы метрі – халықтың, 6,4 мың шаршы метрі – ипотекалық және 4,6 мың шаршы метрі – мемлекеттік емес сектордың тұрғын үйлері. Тұрғын үй құрылысына тартылған инвестициялар 6,3 миллиард теңгені құрап, 2014 жылдың қаңтар-маусымынан 32,6 пайызға артқан. Оның 4,2 миллиард теңгесі халық қаражаты.     Облыс бюджеті 2015 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджетінің кірістері 99,6  миллиард теңгені құрады немесе жоспар  100,1 пайызға орындалды, оның ішінде өзіндік кірістер 18,6 миллиард теңгені (100,9 пайыз) құраса, трансферттердің түсімдері бойынша 80,9 миллиард теңгеге (100 пайыз) орындалды. 2015 жылдың қаңтар-маусымында облыс бюджетінің шығындары 97,4 миллиард теңгені (жоспарға 98,7 пайыз) құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға азайған, оның ішінде білім саласындағы шығындар 1,7 пайызға, денсаулық сақтау саласында 10,2 пайызға, әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету бағытындағы жұмыстардың шығыны 2,3 пайызға өскен.

                                                                                            Салықтар 2015 жылдың қаңтар- маусымында бюджетке  28,7 миллиард теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжам 97,0 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 10,1  миллиард теңге (болжам  90,4 пайыз), жергілікті бюджетке 18,6 миллиард теңге (100,9 пайыз) жиналған. Жергілікті бюджетке түсімдер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға артық орындалған. 2015 жылдың маусым айында 2014 жылдың желтоқсанына инфляция деңгейі 102,0 пайызды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 1,4 пайызға, азық-түлік емес тауарлар - 0,6 пайызға, ақылы қызметтер  3,9 пайызға көтерілді. Облыста тауарлардың және қызметтердің бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бұл бағытта Тұрақтандыру қоры және «Тауар-сауда саттық компаниясы» жұмыс істейді. 2015 жылдың басынан 57 жәрмеңке өткізіліп,  309,9 миллион теңгенің өнімдері нарық бағасынан төмен бағалармен өткерілді.                                                                                     Еңбек нарығы Жалпы 2015 жылдың қаңтар-маусымында барлығы 21086 адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 6846 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде – 2201 адам), уақытша жұмыстарға – 9491 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде – 160 адам), жергілікті бюджет қаражаты есебінен ақылы қоғамдық жұмыстарға – 2374 адам, жастар тәжірибесімен - 951 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде – 416 адам), әлеуметтік жұмыс орындарына  1005 адам (оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының шеңберінде – 531 адам) тартылды.                                                                                        Әлеуметтік қорғау 2015 жылдың қаңтар-маусымында 112,5 мың тұрғынға 866,9 миллион теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның ішінде 37,0 миллион теңгеге атаулы әлеуметтік көмек, 184,1 миллион теңгеге тұрғын үй жәрдемақысы, 616,3  миллион теңгеге 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 29,5 миллион теңгеге үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы төленді. 2014  жылдан бастап облыста шартталған әлеуметтік көмек көрсету бойынша  «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылуда. Оның  шеңберінде  жыл басынан бері 6610 азамат әлеуметтік қолдау көрсетілді. Нәтижесінде кедейшілік шегінен төмен тұрып жатқан халық саны  2015 жылдың  1 шілдесіне 5244 адамды құрап, жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10,9 пайызға қысқарды. Облыс бойынша кедейшілік деңгейі 0,5 пайызды құрады. 2015 жылдың қаңтар-маусымында 9267 адамға 154,3 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Әлеуметтік сала Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2015 жылы 40,3 миллиард теңге қарастырылған, бұл 2014 жылға қарағанда 3,3 пайызға  артық, оның ішінде тегін көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз етуге  30,5 миллиард теңге бөлінді. 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 20,4 миллиард теңге немесе есепті кезеңде жоспардың 99,6 пайызы игерілді, оның ішінде тегін мединицалық көмек көрсетудің кепілдендірілген көлемі бойынша 14,2 миллиард теңге (100 пайыз) игерілген. Денсаулық сақтау нысандарын дамытуға 2015 жылы 7,2  миллиард теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 5,2 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 2,0 миллиард теңге қарастырылған. 2015 жылдың 1 шілдесіне 4,8 миллиард теңге (есепті кезеңнің жоспары бойынша 98,4 пайыз), оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,7 миллиард теңге (100 пайыз), облыстық бюджеттен 1,1 миллиард теңге (93,1 пайыз) игерілді. «100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде Тараз қаласында 300 төсектік қалалық көп бейінді аурухананың құрылысы жалғастырылуда, пайдалануға беру мерзімі –2015 жыл. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 550,6 миллион теңге бюджеттік қаражат игерілді (есепті кезеңнің жоспары бойынша 93,5 пайыз). Жобадан тыс Тараз қаласында 200 төсектік облыстық перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан 1 шілдеге дейін игерілгені 2,9 миллиард теңгені құрады (100,0 пайыз). Облыстық бюджет қаражаты есебінен Байзақ ауданында 60 төсектік туберкулезге қарсы аурухананың құрылысы жүргізілуде және Жамбыл ауданы Жалпақтөбе ауылында 100 келушіге арналған алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсету пункті пайдалануға берілді. Денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 1,3 миллиард теңге (оның 636,7 миллион теңгесі немесе есепті кезеңнің жоспарында қарастырылған қаржының 100 пайызы игерілді) қарастырылды. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша нашақорлық, жаңадан пайда болған қатерлі ісік, психикалық бұзылу, қант диабеті ауруларына шалдығу деңгейі өскен және қан айналымы жүйесі мен туберкулезбен ауыру деңгейі төмендеген. Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусымында  ана өлімі тіркелмеген. Білім беру жүйесін қаржыландыруға 2014 жылы бюджеттен 75,0 миллиард теңге қарастырылды. 2015 жылдың 1 шілдесіне 41,6 миллиард теңге немесе есепті кезенің жоспарында қарастырылған соманың 99,5 пайызы  игерілді. Білім беру жүйесіндегі нысандарды дамытуға 2015 жылы 7,3 миллиард теңге, оның ішінде Ұлттық қордан - 1,4 миллиард теңге, республикалық бюджеттен – 2,1 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен 3,8 миллиард теңге қарастырылған. 2015 жылдың 1 шілдесіне 3,5 миллиард теңге (есепті кезеңнің жоспарына 95,8 пайыз), оның ішінде Ұлттық қордың 20 миллион теңгесі (26,7 пайыз),  республикалық бюджеттен – 1,9 миллиард теңгесі (95,9  пайыз), жергілікті бюджеттен 1,5 миллиард теңгесі (99,0 пайыз) игерілген. Облыста 15 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның 5-еуі республикалық бюджет қаражаты есебінен, 2-еуі Ұлттық қор қаражаты есебінен, 8-і жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде. Ағымдағы жылы 9 мектепті  пайдалануға беру жоспарлануда. 2015 жылы 10 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 0,8 миллиард теңге қарастырылып, 469,0 миллион теңгесі немесе 82,1 пайызы игерілді. 2015 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен (81,1 млн. теңге) 20 кабинет  сатып алу жоспарлануда: 7 лингафондық, 7 биология, 2 химия және 4 – физика кабинеттері. Компьютерлік техникамен қамтамасыз ету деңгейі бір компьютерге орташа есеппен 11 оқушыны құрайды, ауылдық жерде – 10. Жалпы облыста интернет желісіне мектептің 100 пайыз қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақта орнатылған, кең ауқымды интернет желісіне облыстың 431 мектебі немесе 95,8 пайызы қосылған, 73 білім нысанында (оның ішінде 51 ауылдық мектептер) электронды оқыту жүйесі енгізілді. 2015 жылдың қаңтар-маусымында 240 орындық 2 балабақша (1 мемлекеттік және 1 жекеменшік), сондай-ақ 150 орындық 3 шағын орталық ашылды. Бұдан басқа, балабақшалардың қосымша топтарында 125 орын және шағын орталықтарда 50 орын ашылды. Жыл басынан мектепке дейінгі мекемелердегі орындардың саны 285-ке өсті. 2015 жылдың 1 шілдесіне облыстағы 410 мектепке дейінгі ұйымдарда (241 балабақша, 169 шағын орталық) 44,1 мың бала немесе өңіріміздегі 1-6 жасқа дейінгі балғындардың 50,8 пайызы тәрбиеленуде, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4 пайызға артық. ҰБТ нәтижесі бойынша 2015 жылы облыстағы мектеп бітірушілердің орташа балы 78,6 құрады, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 6,2 балға (72,4 балл) жоғары және орташа республикалық көрсеткіштен 0,9 балға төмен (79,6 балл). Ағымдағы жылы 1-10 сыныпта оқитын 182 мың оқушы жаздық демалыспен қамтылды. Мәдениет саласын қаржыландыруға 2015 жылы 4,5 миллиард теңге қарастырылды, бұл 2014 жылғыдан 9,8 пайызға артық. 2015 жылдың қаңтар-маусымына бюджет қаражаттарын игеру деңгейі жылдық жоспардың  51,1 пайызын құрады. Жыл басынан бері бірқатар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шаралар биылғы негізгі атаулы мерекелер – Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығына арнап өткізілуде. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай белгіленген кесте бойынша Тараз қаласының Тұңғыш Президент саябағында аудандар мен Тараз қаласының Мәдениет және өнер күндері өтті. Ұлттық тарихты зерделеу мақсатында «Ежелгі Тараз» қалашығында археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылуда. Кітапханалардың кітаптар қоры 53,4  мың дана кітапқа толықтырылды. 2015 жылдың қаңтар-маусымындағы мәлімет бойынша облыстағы 285 кітапхананың 249-ы компьютермен жабдықталған, 205 кітапхана, оның ішінде 191 ауылдық кітапхана интернет желісіне қосылды. Спорт саласында  жыл басынан 262,8 мың адамның қатысуымен 1153 спорт шаралары өткізілді. 2015 жылдың 6 айында Қазақстан Республикасы чемпионаттарында облыс спортшылары 300 медаль, Әлем және Азия чемпионаттарында 7 медаль  және  халықаралық  жарыстарда 45 медаль жеңіп алды. Облыста қылмыспен күресу және оның алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы 10193 қылмыс тіркелген. 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға өсті. Сонымен қатар, ауыр қылмыстардың саны 17,0 пайызға төмендеді, ауыр және аса ауыр қылмыстардың  ашылуы деңгейі 73,7 пайызды құрады (2014 жылдың тиісті кезеңінде – 57,4 пайыз). 2015 жылдың қаңтар-маусым айларында 578 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 122 адам қаза болды, 905 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды.