- Advertisement -

Аламан бәйге 51 шақырымға ұзартылды

130

- Advertisement -

W020110516600622351513Астанадағы Қазмедиа орталығында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған аламан бәйге «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турниріне байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Доданы «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Мәдениет және спорт министрлігі өткізеді. Аламан бәйгенің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Республикалық турнирге – 14 облыс пен Астана және Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүліктен – кемінде 160 тұлпар қатысады деп күтілуде.
Бәйгенің жаңалығы – оның ұзақтығы 51 шақырым болып өзгертілді. Жаңа ереже қауымдастық тарапынан құпталды.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры 23 000 000 теңгені құрайды. Бас жүлде – 10 000 000 теңге. Мәреге алғаш жеткен 9 тұлпарға тиісінше жүлделер үлестіріледі.
Брифинг соңында «Бұл аламан думан тойда шамамыз келгенше, 2 мыңға жуық адамға арнап қымызмұрындық, ас беріп, бауырсақ фестивалін өткізу де ойда бар. Қазір осы жобалар бойынша біраз нәрселер қолға алынды», – деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мырза.

Әділбек Жүніс.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support